Коронавирус • 01 Қараша, 2021

Ақтөбе облысында карантин күшейтілуі мүмкін

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы 29 қазаннан бастап «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті. Өңірдегі эпидахуал жайлы бүгін ҚР ҰҚК-де өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында карантин күшейтілуі мүмкін

Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, 31 қазанда өңірде коронавирус жұқтырудың 37 жаңа жағдайы тіркелген, оның ішінде ауру белгілері бар - 36, симптомсыз - 1. Барлығы 34 375 жұқтыру жағдайы тіркелді, оның ішінде 26241 - ауру белгілері бар (76,3%) және 8134 асимптоматикалық (23,6%). 33476 (97,3%) науқас жазылып шықты. Сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,1% құрады.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар арасында 1388 КВИ жағдайы анықталды, оның ішінде 963-і мектеп оқушылары арасында. Барлығы 170 инфекция ошағы - 49 үй ошағы, 40-тан астам ұйымдасқан ұжымдарда, 9-ы медициналық ұйымдарда тіркелген. Алайда, егер облыс «сары» аймаққа өткеннен кейін 5 күн ішінде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы орын алса, онда карантин режимі күшейтіледі. Бұрын карантин режимі әлсіреп, көптеген мекемелер «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуге рұқсат алды.

«Ақтөбе облысының аумағы 29 қазаннан бастап «сары» аймақта орналасқан. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулысына сәйкес, біз жағдайды қадағалаймыз, егер нашарлау болса, онда карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы қабылдаймыз», деді М.Сербаев.