Елорда • 02 Қараша, 2021

Вакциналау пункті жабылады

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы «Хан Шатыр» СОО-дағы азаматтарды КВИ-ға қарсы вакциналауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар вакциналау бойынша өз қызметін осы жылдың 1 қарашасынан бастап аяқтайды.

Вакциналау пункті жабылады

Фотоны түсірген: Ерлан Омар, «Egemen Qazaqstan»

«Жазда адамдардың көптеп кел­уі кезеңінде егу пунк­т­те­рін қаланың 11 сауда ке­ше­ні­не орналастырдық. Бұл оң нәтиже берді және біз вак­ци­­намен халықты барынша қамтыдық. Қазіргі уақытта біз вакциналауға жататын кон­тин­­­генттен халықтың басым бөлігін қамтығандықтан, сау­да кешендері базасында егу пункттерін ұйымдастырудың аса қа­жеттілігі жоқ. Бірақ мұндай қажет­тілік пайда болған кезде біз әрқашан пункттерді қайтадан ашуға дайынбыз», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Елордада барлық кезеңде СОО, сауда үйлері жанындағы вакциналау аймақтарында 100 мың­нан аса адам вакцина алды. Бүгінгі таңда қаладағы 5 сауда нүкте­сінде егу пункттері бар. Олар – «Хан Шатыр» СОО, «Керуен», «Абу Даби Плаза», «Азия Парк» және «Евразия» сауда үйі.

Жалпы қала бойынша бү­гін­де вакцинаның бірінші ком­понентін 444 мыңнан аса азамат алды, 410 мыңнан аса адам толық иммундаудан өтті.

Басқарма жалпыға ортақ істе өзінің азаматтық ұста­ны­мын танытқан және өз аумақ­тарында вакциналау ай­мақ­тарын ашқан барлық сауда кешендеріне үл­кен алғыс біл­діреді.

Денсаулық сақтау минис­тр­лі­­гінің мәліметіне сүйен­сек, 1 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда бірінші компонентпен 8 300 105 адам, екінші компонентпен 7 500 328 адам вакцина салдырды. Сонымен қатар 46 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде
8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдауда. Ал 590 адамның жағдайы ауыр, 149 пациенттің жағдайы өте ауыр, 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.