Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Саясында алманың...

340 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Еңбекшіқазақ ауданында қарқынды бақ өсіру өріс алды. Соңғы жылдары Алматы облысында бақ өсірудің интенсивті түрі қарқын ала бастады. Көптеген шаруашылықтар озық технологияларды игеріп, соның арқасында сапалы өнім алуда. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында бақтар көлемі 23,7 мың гектарға жеткен, соның 2,8 мың гектары – интенсивті бақ. Ал былтыр өңірде ескі бақтарды жаңарту есебінен 494,1 га жаңадан бақ отырғызылған.

Саясында алманың...

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында 25 шаруашылық интенсивті бақ өсірумен айналысады. Аудандағы мұндай бақтың аумағы 2 мың гектардан асты. Соның нәтижесінде алма жинау көлемі 50 мың тоннаға дейін ұлғайып, өнімділік гектарына 84 центнерге жетті. Осындай заманауи бақ өсірушілердің алдыңғы қатарындағы Alma Mater Fields серіктестігі күтіп баптап отырған аумақтың көлемі 500 гектарға жетті. Яғни қысқа мерзім ішінде қарқынды бақ өсірудің тиімділігін көрсеткен Alma Mater Fields серіктестігінің тәжірибесі облыстың өзге аудандарына үлгі болуға әбден лайық. Қазір серіктестік Ащысай, Таусүгір, Қызылшарық ауылдарында орналасқан бақ­тарынан мол өнім жинап, нарыққа жөнелтіп отыр. 2017 жылы компанияның Қызылша­рық ауылында орналасқан бағында алманың бірнеше сорты отырғызылған екен. «Гала», «Голден Делишес», «Гренни Смит», «Фуджи» және басқа да жоғарғы сорты көшеттер тез жерсініпті. 126 гектар алқаптағы жас алма бағы арнайы тормен қапталған. Бұл тор ағаштар­дың жемістерін құстардан, бұршақтан қорғап тұрады, сол сияқты ыстықтан да сақтайтын мүмкіндігі бар. Бақтағы алма ағаштары­ның отырғызылғанына алды 3-4 жыл болған. Өнім де жыл сайын артып келеді. Былтыр бақ өсі­ру­шілер әр гектарынан 40 тоннаға жуық алма алды.

– Бір гектарда 4200 алма көшеті өсіп тұр. Олардың биіктігі 3,5 метрге жетеді. Жеміс ағаш­тарының аралығы – 80 см. Бұл – интен­сивті бақтың негізгі сипаттарының бірі. Ағаш­тар арасындағы аралық олардың нығайып, өсуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан жер учаскесін үнемді пайдалануға, екінші жағынан мол өнім алуға жағдай жасайды, – дейді шаруа­шылық басқарушысы Рашид Атамбаев.

Қазір бақта тамшылатып суару тех­ноло­гия­сы қолданылады. Әр ағашқа күніне 12 литр су жұмсалады. Барлығы автоматты құ­­рылғылармен жүйеленгендіктен, құры­лым­ды бір ғана адам басқарады. Тағы үш адам суару құбырларының қоқысқа, топы­раққа ­то­лып қалмауын қадағалап отырады екен. Алма ағаш­тарға минералды тыңайт­қыштар қолданы­лады, бұл өз кезегінде оларды зиянкестерден қор­ғау­ға ықпал етеді. Бұл жұмысқа Польшадан арнайы оқып келген агроном Жұмаш Еркетаң ­жауап береді. Бақ өсірудің озық технологиясы­ның ерекшелігін меңгерген маман шетелдік ма­мандармен тәжірибе алмасып, біліктілігін шыңдап отырады, сөйтіп отандық бақ шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Ал күзгі жиын-терін жұ­мыстарына жергілікті тұрғын­дардан тартылып, шаруашылықта 300 адамнан артық қол күші жұмыс істейді.

– Бақ өсіру жұмыспен қамтуға жағдай жасап отыр. Бұл жерде қазан айының ортасына дейін істейміз. Мұнда әр адам күніне 800 кг алма жинауы керек. Жалақымыз жақсы, дейді Қызылшарық ауылының тұрғыны Жазира Қайнарбаева.

Негізі бақтағы жұмыс өнім жинаумен ғана аяқталмайды, сондықтан шаруашылықта жыл бойы шамамен сексендей адам жұмыс істейді.

– Тор жинаудың өзі біраз уақытты алады. Жеміс ағаштарының артық бұтақтарын қию да – маңызды іс. Мұндай жұмыстар көктемге дейін жалғасады. Сонымен бірге бақ аумағында екі жеміс-жидек қоймасы бар. Ондағы 18 камерада алманы қысқы және жазғы кезеңдерде сақтауға барлық мүмкіндік жасалған, дейді шаруашылыққа жауапты Рашид Атамбаев.

Жалпы, Alma Mater Fields серіктестігі өзі­нің сатылай дамуын 2017 жылы бастаған. Өткен 4 жыл ішінде компания 490 га жерге интенсивті бақ отырғызды, сыйымдылығы 7200 тонналық 2 жеміс сақтайтын қойма сал­ды, қуаты сағатына 1 мың литр болатын тіке­лей сығымдау арқылы шырын шығаратын өндірісті іске қосты. Қазіргі кезде жаңа жеміс қоймасының жобасы дайындалып жатыр екен. Компанияда жүзден астам тұрақты жұмыс орны бар, сол сияқты бес жүзден астам маусымдық жұмыс орны ашылған. Жобаның жалпы құны – 12 млрд теңге.

Айтпақшы, Еңбекшіқазақ ауданындағы жеміс-жидек алқабы – 7321 га, шекілдеуікті-сүйекті дақылдар – 6828 га, соның ішінде алма бақтары – 6161 га шамасында. Ал интенсивті алма бағының үлесі 2170 гектар екен. 2020 жылы аудандағы алма өнімінің жалпы жиыны 49,5 мың тоннаға жетсе, оның 10 мың тоннасын осы қарқынды бақтар берген. Ауданда қазір Алманың «Гала», «Фуджи», «Ред Дели­шес», «Голден Делишес», «Джонатон», «Гренни Смит», «Айдаред», «Джонаголд», «Джо­на­принц» сорттары өсіріледі. Сондай-ақ аудан аумағында 35 мың тоннаға дейін жеміс-жидек және көкөніс сақтайтын қойма бар. Бұл өнімді ұзақ сақтап, сапасын төмендетпеуге ықпал етіп отыр.