Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Сиырды цифрлы құрылғымен сауады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен өнім­діліктің жоғары көрсеткішіне қол жеткізу жолындағы жұмыс бір төбе. Ал Алматы облысында осы саланы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын өңірде ақылды технология элементтерін пайдаланатын кәсіпорындар саны өсуде.

Сиырды цифрлы құрылғымен сауады

Мысалы, Іле ауданындағы «Байсерке-Агро» серік­тестігінің сүт фермасындағы жұмыс толықтай автомат­тандырылған. Мұнда сиырды сауу жұмысы роботтан­дырылған стансаларда атқарылады. Фермадағы табын бо­йынша орташа сауым 6 133 кг құрайды, бұл облыс бо­йынша орташа көрсеткіштен жоғары, ол шамамен 3 мың кг болып отыр. Бұдан басқа серіктестік егістіктерде шаруашылық алқаптарды қашықтан зондтау үшін дрондарды қолданады, ұшу нәтижелері бойынша оның жай күйі туралы ақпарат алады.

Ал «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясында табынды басқару компьютерлік бағдарлама арқылы жүзеге асыры­лады. Осының арқасында табынның технологиялық топ­тарының көбею процесі мен қозғалысы толық бақыланады.

GREEN ECO жылыжай кешенінде де жоғары техно­ло­гиялық жабдықтар қолданылады. Онда өсім­діктер ерітіндіден қажетті қоректік заттарды қажетті мөл­шерде және дәл пропор­ция­да алады. Температураны, ылғалдылықты және басқа пара­метр­­лерді бақылау автоматты режімде жүзеге асырылады. Бү­гінде там­шылатып суару 9,4 мың гектарға қолданылады. 5 жыл ішінде аудан 2,3 еседен астам өсті. Қазіргі кезде ылғал үнем­­деу технологиясы 152 мың гектарға  жүргізіледі.  Нәти­же­сінде жаңа технологияны қолдану деңгейі 30 пайызға артып отыр.