Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Батагөй ақсақал атындағы сынып

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында тарихы ерекше, түлектері танымал мектеп бар. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қо­жанов, жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының тұң­ғыш лауреаты С.Ерубаев, ака­демик Ісмет Кеңесбаев, филоло­гия ғылымдарының докторы, ака­демик Мәулен Балақаев сын­ды тұлғалар іргетасы 1898 жы­лы қаланған осы мектепте білім алған.

Батагөй ақсақал атындағы сынып

Иә 123 жылдан бері үздіксіз білім беріп келе жатқан Ахмет Бай­тұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінен түлеп ұшқан елімізге танымал, абыройлы азаматтар көп.

Солардың бірі Түркістан қа­ла­­сының құрметті азаматы, ба­та­гөй, абыз-ақсақал Әбдібек қажы Бейсеновтің осы мектепті бі­тір­геніне 66 жыл толыпты. Бір қы­зығы мектептің сыныбы да 66 болып шықты. Биылғы жы­лы мек­тепке тұңғыш қадам бас­қан оқу­шылар білім алатын бір сыныпты Бейсеновтер әулеті тү­гелдей жарақтандырып берген. Әб­ді­бек қажы мен Ұлпатша әже 10 пер­зентінен 36 немере, 40 шөбере сүйіп отыр. Ақсақалдың отбасы «Ая­лы алақаны ақ әженің», «Үлгілі отбасы» атты байқаулардың бас жүл­десін иемденсе, абыз ата­ның өзі республикалық дең­гей­де өт­кізілген «Батаменен ел кө­герер...» байқауларында Нар­тай және Молда Мұса атындағы номинацияларды жеңіп алды. Кіші ұлы Әлжан қажы да әке жолын басып, өткен жылы облыс бойын­ша батагөйлер байқауында бас жүлдені иеленді. Ақсақалдың өлеңдері мен ой-пікірлері, қоғам­дағы мәселелер туралы мақа­ла­лары республикалық, облыстық деңгейдегі газет-журналдарда жа­рияланған.

Күні кеше өмірі өнеге Әбдібек Бейсеновтің атына мектептен бас­тауыш сынып кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді. Жиынға облыстық және қалалық білім саласының басшылары, зиялы қауым өкілдері, ұлағатты ұстаздар мен журналистер қатысып, жүрек­жарды лебіздерін жеткізді.

 

ТҮРКІСТАН