Футбол • 02 Қараша, 2021

Франциямен кімдер ойнайды?

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ке­­зеңіндегі соңғы матчқа шақырылған фут­­болшылар тізімін жариялады. 7 қа­ра­­­шада басталатын оқу-жаттығу жи­ын­­­ына 30 ойыншыны шақырып отыр.

Франциямен кімдер ойнайды?

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Шац­кий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ор­дабасы»);

Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ер­ланов, Юрий Логвиненко (екеуі де  –  «Ақтөбе»), Сергей Малый, Александр Ма­рочкин (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Ескендір Қыбырай («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызылжар»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зай­­нутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Азат Нұр­ғалиев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Каспий»).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қарашада Франция құрамасымен ойнайды. Матч «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ал 16 қарашада ұлттық құрамамыз «Астана Аренада» Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді.