А.Голубев монаколық Юго Ниспен бірге финалда осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джэйми Маррей – бразилиялық Бруно Соареспен бас жүлдені сарапқа салды. Д.Маррей мен Б.Соарес 1 сағат 20 минутқа жалғасқан матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке барысында Голубев пен Нис 4 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкке (5 брейк-пойнт) қол жеткізді. Бұл А.Голубевтің өз спорттық жолындағы жұптық сында ATP додаларындағы екінші финалы еді.