Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов аталмыш банктің Алматы қаласындағы бас ғимаратында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.
Соңғы аз ғана уақыт ішінде журналистер қауымымен төртінші мәрте жүздесіп отырғандығын және бұл жағдай елдегі қаржы мәселесін күрделендіргісі келетін мүдделіліктің салдарынан екенін жеткізген бас банкир қазақ қоғамында отандық банктерге қатысты болып жатқан оқиғаларға түсінік берді.
«Кеше Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ғимаратында БАҚ өкілдеріне шұғыл мәлімдеме жасауға мәжбүр болдық. Себебі, 18 ақпан күні бірқатар ғаламтор парақшалары мен отандастарымыздың жеке қалта телефондарына «Қазақстандық бірнеше банктің банкроттық жариялау туралы шешім қабылдағаны» жөнінде ақпараттар таратылған.
Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аталмыш мағлұматтың негізсіз екендігін және бұл еліміздегі банктік жүйені шайқалтуға бағытталған әрекет екендігін мәлімдейді» - деді Қайрат Нематұлы.
Естеріңізге сала кетсек, 18 ақпан күні әуелі ғаламтор беттерінде, сосын жеке адамдардың ұялы телефондарында пайда болған «шұғыл ақпарат» көптеген салымшылар мен қолда бар ақшасын шетел валютасына ауыстырғысы келетін азаматтардың арасында әжептәуір дүрбелең туғызды. Еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан банк ғимараттары келушіге лық толып, валюта айырбастау бекеттері бір күндік қаржы операциясын бірер сағаттың ішінде атқарып тастады. Нәтижесінде, ҚР Ұлттық Банк Төрағасы ел алдына шығып бұл дүрбелеңнің қолдан жасалған арандату ниеті екендігін, ұйымдастырушылармен құқық қорғау қызметі айналысатындығын айтқан.
«Біздің қазақстандық банктердің барлығында ұлттық және шетелдік валюта қоры жеткілікті. Қандай жағдай болмасын, Ұлттық Банк елдегі өзге банктердің барлығына қол ұшын беруге мүдделі әрі дайын, - дей келіп Қайрат Келімбетов арандату әрекетін ұйымдастырған кісілерді табу және заң талабына сай шара қолдану үшін ҚР Бас прокуратурасына өтініш түсіргендіктерін, отандық салымшылардың жекелеген банктерде сақтаған қаражаты ұлттық және шетелдік валюта түрінде де заңға сәйкес қамсыздандырылатынына Мемлекет кепіл екендігін, сондай-ақ БАҚ қызметі елдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында алыпқашпа негізсіз ақпараттарды анықтап барып халыққа таратуын сұранды.
Баспасөз мәслихатынан кейін Бас банкир журналистердің қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
• 20 Ақпан, 2014
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов:«Қазақстандық банктердің барлығында ұлттық және шетелдік валюта қоры жеткілікті»

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20
Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 10:03