2013 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен бекітілген
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер
кәсіптерінің тізбесі
1. Тау-кен жұмыстары
1. Пайдалы қазбаларды өндiру. Геологиялық барлау жұмыстары. Шахталарды, кенiштердi, приискiлердi, метрополитендердi, жерасты каналдарын, тоннельдер мен басқа да жерасты құрылыстарын салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеу
1. Шахталарда, кенiштер мен приискілерде пайдалы қазбалар өндiру жөніндегi; геологиялық барлаудағы; дренаж шахталарындағы; шахталар, кенiштер, приискілер салудағы жерасты жұмыстары:
1) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
мөлшерлеу аппаратшысы;
ағынды суларды тазалау аппаратшысы;
көмір байытушы аппаратшы;
бункерші;
шпурларды бұрғылаушы;
жарушы;
гидромониторшы;
кен жұмысшысы;
гүрсілдетушi;
дозиметрші;
жол жұмысшысы;
уатушы;
кәбілші-дәнекерлеуші;
бекітуші;
лампашы;
люкші;
бұрғы қондырғысының машинисі;
вибротиеу қондырғысының машинисі;
сорғы қондырғысының машинисі;
тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
тиеу машинасының машинисі;
өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі;
көтергіш машинаның машинисі;
крепер шығырының машинисі;
шойтас кен массасын бұзу қондырғысының машинисі;
электровоз (шахта) машинисі;
көтергіш қондырғылар механигі;
пайдалы қазбаны геофизикалық сынамалау операторы;
төңкеруші;
сынама алушы;
үңгілеуші;
жарылғыш материалдарды үлестіруші;
жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесарі;
оқпаншы;
жабдықты жөндеу электромеханигі (аға);
жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі.
Қызметшілер:
Қызметтердің, учаскелердің қызметін бақылауды және оларға басшылық етуді, жерасты қоймаларында жарылғыш материалдарды сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ шахталарда, учаскелерде, қызметтерде, цехтарда, өндірістерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
геолог;
гидрогеолог;
бас механик;
бас энергетик;
диспетчер;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі инженері;
тау-кен жұмыстары инженері;
инженер-энергетик;
маркшейдер;
шебер (аға);
жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, жөндеу және түзетумен айналысатын жұмысшылар және қызметшілер;
шахталық тұрақты қондырғыларды қадағалаушы (барлық санаттардағы) қызметшілер;
барлық аталымдағы (1-2 санат және санаттары жоқ) техник;
хронометражшы;
электрик (аға);
электромеханик (аға);
энергетик (аға);
2) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн жерасты жағдайларында жұмыс атқаратын басқа да кәсіпорындар, ұйымдар және олардың филиалдарының барлық қызметкерлері.
2. Кен қазбасын, метрополитендер, жерасты каналдары, тоннельдер мен басқа да жерасты құрылыстарын салудағы, реконструкциялаудағы, техникалық қайта жарақтандырудағы және күрделi жөндеудегi жерасты жұмыстары.
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
арматурашы;
бетоншы;
шпурларды бұрғылаушы;
жарушы;
автомобиль (самосвал) жүргiзушi;
тау-кен жұмысшысы;
оқшаулаушы;
бекітуші;
шығыршы;
бульдозер машинисі;
бұрғы қондырғысының машинисі;
кран машинисі (краншы);
мотовоз машинисі;
сорғы қондырғысының машинисі;
тиеу машинасының машинисі;
өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі;
«Соқыр» ұңғылардағы көтергіш машинаның машинисі;
көтеру-жылжыту тас тиегіш машинисі;
үңгілеу кешенінің машинисі;
скрепер машинисі;
скрепер шығырының машинисі;
үңгілегіш бір шөмішті экскаватор машинисі;
электровоз (шахталық) машинисі;
үңгілегіш тау-кен жабдықтарының монтажшысы;
үңгілегіш желдету қондырғысының моторшысы;
үңгілегіш;
жарылғыш материалдарды таратушы;
сигналшы;
оқпаншы;
транспортерші;
проходкада жұмыс істейтін кіші станцияларға қызмет көрсету электромонтері;
электрослесарь;
жерасты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электрослесарь-монтажшысы.
Қызметшілер:
Учаскелер қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
маркшейдер;
тау-кен шебері;
механик;
электромеханик;
учаске энергетигі.
3. 150 метр және одан төмен тереңдікте пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі разрездер (карьерлер) мен кеніштер:
разрездерде, карьерлерде және кеніштерде (жер бетінде істейтін қызметкерлерден басқа) жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер.
4. Тау балауызы (қоңыр көмiр балауызы) және озокерит өндiрiсi:
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлер:
тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;
шебер (аға);
құю машинасының машинисi;
озокеритті қолмен құюмен айналысатын жұмысшылар.
5. Тау-кен құтқарушылар бөлiмi (станциясы).
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
бекіту материалдарын шахтаға жеткізуші;
респираторшы.
2. Көмiрдi, кендi, тақта тасты, озокеритті, талькті, каолинді, графиттi, доломиттi, кварциттi, әктасты, мергельді, магнезиттi, гипстi, боратты, пьезокварцты, агатты, бориттi, фосфориттi, апатиттерді, күкiрттi, алмасты, мәрмәрды, граниттi, андезитті, борды, құмнан алынатын қымбат және түстi металдарды, диабазаны, гранодиоритті, базальтті, құмдақты, тақта тасты, асбесті, тұзды және басқа да қауіптілігі 1-3 сыныпты, зиянды заттар бар кен емес қазбаларды ашық әдiспен өндiру. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары мен басқа да жерасты құрылыстарын салу. Топырақ құнарлығын қалпына келтіру, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жерасты өрттерiнiң, террикондағы және жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары
6. Разрездерде, карьерлерде, приискілерде, гидравликаларда, драгаларда, жуу аспаптарында, шахталардың, кенiштер мен дренаж шахталарының жер үстіндегі жұмыстары және ашық тау-кен жұмыстары. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приискілер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары құрылыстары мен басқа да жерасты құрылыстарының өндiрiстiк алаңдарындағы жұмыстар. Жердi қайта өңдеу, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жер астындағы өрттердi, террикондар мен жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары. Бұрғылау-жару жұмыстары:
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;
бункершi;
шпурларды бұрғылаушы;
аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;
вагонетшi;
жарушы;
тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi;
үйiндiлердегi түсiрушi;
гидромониторшы;
тау-кен жұмысшысы;
гүрсілдетушi;
жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, түсiрумен айналысатын жүк тиеуші;
жеткізушi;
қашау майлаушы;
шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi;
драгер;
мирабилит өндiретін дренажшы;
уатушы;
забойшы;
ашу және тазалау жұмыстарында жұмыс істейтiн жер қазушы;
тастарды арамен кесушi;
тас өңдеушi;
арықшы;
плиталар мен блоктарды кесушi;
бекітушi;
ұста-бұрғыларға май құюшы;
лампашы;
шығыршы;
карьер мен разрезде жұмыс істейтiн лента тазалаушы;
люкшi;
драга матросы;
бұрғы қондырғысының машинисі (көмекшісі);
тепловоз машинисі (көмекшісі);
тартқыш агрегатының машинисі (көмекшісі);
экскаватор машинисі (көмекшісі);
разрездерде, карьерлерде және үйінділерде жұмыс істейтін автогрейдер машинисі;
бульдозер машинисі, оның ішінде байыту және брикетті фабрикалар, разрездер, шахталардың жыныстар үйінділерін және жанатын террикондарды сөндіру және сұрыптауда жұмыс істейтін;
вибротиеу қондырғысының машинисі;
түзету-қағу-өңдеу машинасының машинисі;
түзету-қағу-тегістеу машинасының машинисі;
орташалау қоймалар мен үйінділердегі, разрездердегі, карьерлердегі жол-көлік машинасының машинисі;
драга машинисі;
ұсатқыш-тиеу агрегатының машинисі;
ұсатқыш қондырғыларының машинисі;
өздігінен жүре алмайтын жерге соратын жүзбелі снарядтың машинисі;
жер соратын қондырғы машинисі;
тас кесетін машина машинисі;
конвейер машинисі;
кратцер машинисі;
диірмен машинисі;
мотовоз машинисі;
дренаждық жұмыстардағы сорғы қондырғыларының машинисі;
үйінді жасаушы машинисі;
үйінді көпір машинисі;
үйінді соқасының машинисі;
қоректендіргіш машинисі;
көтергіш машина машинисі;
жол қозғағыш машинисі;
жол көтергіш машинисі;
карьерлердегі, разрездердегі және үйінділердегі кең табанды жол төсеуші машинисі;
тегістегіш машинаның машинисі;
скрепер машинисі;
скрепер шығыры машинисі;
слюда қабатын жасаушы машинаның машинисі;
карьерлерде, разрездердегі қар жинайтын және жинаушы жол машинасының машинисі;
сұрыптау машинисі;
шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғысының машинисі;
карьерлерде, разрездердегі көлік құралдарын өңдеу қондырғысының машинисі;
карьерлер мен разрездердегі шойтас кен массасын бұзу қондырғысының машинисі;
слюданы ажырату қондырғысының машинисі;
фрезагрегат машинисі;
карьерлерде, разрездердегі хоппер-мөлшерлегіш машинисі;
карьерлерде, разрездерде және үйінділерде жұмыс істейтін шпал қаққыш машинаның машинисі;
карьерлерде, разрездерде және үйінділердегі кесек тазалағыш машинаның машинисі;
тау-кен жабдығының монтажшысы;
жол монтерi;
механикалық күрек моторисi;
металды алу жөніндегі жуу аспабы моторисi;
үйiндi уатушы;
тау-кен қазбаларын жиектеушi;
озокерит өндiрiсiндегі тауар операторы;
аударып төгушi;
сынама алушы;
шағын литражды драганың кесек тасшысы;
геологиялық сынамаларды жуушы;
скуббершi-сорғышы;
сұрыптаушы;
жер бетiнде жұмыс iстейтiн оқпаншы;
тракторшы;
гидромыс қондырғысының цементаторшысы;
шлихталаушы;
шлюзшы;
диспетчерлiк жабдықтар мен телеавтоматика электромонтерi;
байланыс желі электромонтері;
телефон байланысы желiлiк құрылыстарының және радиофикациялау электромонтерi;
электр өткізу әуе желілерін жөндеу электромонтері;
байланыс электромонтері;
дабыл бергіш, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының электромонтері.
Қызметшілер:
Учаске қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде;
геолог;
геофизик;
гидрогеолог;
тау-кен инженері (жетекші, 1-2 санатты және санаты жоқ);
маркшейдер;
шебер (аға);
механик;
электрик;
электромеханик;
энергетик.
7. Көмiрдi жерасты газдандыру жөніндегі жерүсті жұмыстар:
жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін күкiрт тазалау, газгенераторлы, газды үрлеу және көмiрдi жерасты газдандырудағы бұрғылау учаскесінде (цехтарда) жұмыс iстейтiн қызметкерлер.
8. Аралық материалды өндiру, өңдеу және тасымалдау:
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер:
Жұмысшылар:
бункершi;
аспалы әуе жолдарының вагонетшiсi;
жарушы;
карьерде жұмыс iстейтiн (жүк) автомобиль жүргiзушiсi;
тау-кен жұмысшысы;
гүрсілдетушi;
мөлшерлеуші;
уатушы;
сындыру балғаларының забойшысы;
забойшы;
шығыршы;
люкшi;
автогрейдер машинисі;
диірмен машинисі;
гидросалманы араластыру қондырғысының машинисі;
экскаватор машинисі.
Қызметшілер:
шебер-жарушы;
ұсатқыш фабрика, учаске, цех шебері;
9. Инерттi шаң өндiрiсi:
Жұмыс уақытының кемінде 80% жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
шаң түсiрушi;
тасымалда жұмыс iстейтiн кен жұмысшысы;
уатушы;
цех (уақтау, ұнтақтау және кептіру) шебері (аға);
бұрғы қондырғысының машинисі;
конвейер машинисі;
диірмен машинисі;
көтергіш машина машинисі;
кептіргіш қондырғының машинисі;
үйiндiнi уатушы;
сынама алушы.
10. Тау-кен балауызы (қоңыр көмiрлi балауыз), қоңыр көмiр базасында реагенттер өндiру:
Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
озокерит және озокерит өнiмдерi өндiрiсiнiң аппаратшысы;
реагенттер өндiрiсiнiң аппаратшысы;
шикiзатпен және отынмен жұмыс істейтiн жүк тасушы;
уатушы;
кептiру қондырғысының машинисi;
электр пеште болат қорытушы;
қолмен қалыптаушы өзекші;
ілмектеуші;
кептіруші;
қолмен қалыптау қалыпшысы;
шламшы-бассейнші;
штампылаушы.
Қызметшілер:
шебер (аға);
механик.
2. Кен дайындау, байыту, кесектеу (агломерациялау, брикеттеу,
кесектеу), кендi және кенсiз қазбаларды күйдiру
3. Агломерациялау комбинаттары, фабрикалары, цехтары, бөлiмшелерi, қондырғылары. Шекемтастар өндiру. Байыту фабрикалары мен кен, көмiр, сланец, сондай-ақ басқа да зиянды заттары бар кенсiз қазбаларды байыту жөніндегі қондырғылар. Брикеттеу. Ауырлатқыштар өндiру. Шахталардағы, разрездердегi (карьерлердегi) сұрыптау. Кендi, кенсiз қазбаларды күйдiру. Байыту (жеткізу) фабрикалары, цехтары түстi, қымбат металдарды, алмастарды алу кезіндегі кендi, құмды байыту қондырғылары. Көмiрдi сусыздандыру. Түйiршiктелген көмiр ұнтағы мен шаң тәрiздi көмiр фабрикалары
11. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
агломератшы;
сілтісіздендіру аппаратшысы;
мөлшерлеу аппаратшысы;
құрамында алтын бар кендерді байыту аппаратшысы;
қойылтқыш аппаратшысы;
кептіру аппаратшысы;
автоклавтар және сілтісіздендірумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;
аспираторшы;
негізгі өндіріс учаскесіндегі бригадир;
бункершi;
аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;
шойын балқытушы;
қалдық қоймаларының дамбаларын ұзартуда, шлам, жер жынысы мен байыту және брикеттеу қалдықтарын шығаруда жұмыс iстейтiн автомобиль жүргiзушiсi;
кен массасын тиеумен айналысатын жүргiзушi;
ыстық агломерат түсiрушi;
үйiндiдегi түсiрушi;
шаң түсiрушi;
көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiндегі алып қоюшы;
газшы;
үйiндiлерде (дамбаларда) және қалдық шаруашылығында жұмыс iстейтiн гидромониторшы;
агломерациядағы және күйдiрудегi көрiкші;
тау-кен жұмысшысы;
гүрсілдетушi;
гүрсiлдетушi-көсеушi;
шикiзатпен, құммен, отынмен, реагенттермен, түстi металл концентраттарымен жұмыс iстейтiн жүк тиеушi;
құрамында алмас бар концентраттарды жеткізушi;
мөлшерлеуші;
уатушы;
тарту денелерiн тиеушi;
шойын балқытқыш пен пештердiң тиеушi-түсiрушiсi;
жұмыстың ыстық учаскелеріндегі қара металл өндірісін бақылаушы;
байыту өнімін бақылаушы;
концентраторшы;
шлам түзетушi;
шығыршы;
шаң жинауда жұмыс iстейтiн таспа жинаушы;
люкшi;
айналма пештерінің машинисі (күйдіруші);
қалдық сақтау орнындағы автогрейдер машинисі;
кесекше пресс машинисі;
шлам және жыныс жүйелерінде, сондай-ақ қалдық сақтау орнындағы технологиялық процеспен айналысатын бульдозер машинисі;
вагондарды төңкеру машинисі;
желдеткіш және аспирациялық қондырғылардың, соның ішінде түтін сорғышқа қызмет көрсетумен айналысатын машинист;
уату-тарту-сұрыптау механизмдерінің машинисі;
тиеу механизмдерінің машинисі;
шлам, қойыртпақ және реагенттерді айдаумен айналысатын жер соратын өздігінен жүре алмайтын жүзбелі снаряд машинисі;
шлам, қойыртпақ және реагенттерді айдаумен айналысатын жер соратын қондырғының машинисі;
кокс тиеу машинасының машинисі;
конвейер машинисі;
кран машинисі (краншы);
қалдық сақтау орнында жұмыс істейтін автомобильді кран машинисі;
кратцер машинисі;
диірмен машинисі;
араластырғыш машинисі;
шлам, қойыртпақ, өнеркәсіп өнімін және реагенттерді айдаумен айналысатын сорғы қондырғының машинисі;
түйіршіктегіш машинисі;
шаң тұндыру аппараттары және сүзгілерді тазалаумен айналысатын қайта тиегіш машинисі;
қоректендіргіш машинисі;
мөлшерлеу құрылғыларында және шаң тасымалдауда айналысатын пневмокөлік машинисі;
сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету машинисі;
көтергіш машина машинисі;
байыту қондырғыларының барлық түрлеріне қызмет көрсететін жуу машинасының машинисі;
өлшеп-орау машинасының машинисі;
кен орталау машинасының машинисі;
скиптік көтергіш машинисі;
Көмірді тиейтін скрепер машинисі;
Скреперлі шығыр машинисі;
араластырғыш барабандардың машинисі;
кептіргіш қондырғы машинисі;
қалдық сақтау орнында жұмыс істейтін құбыр төсегіш машинисі;
байыту және кесекшелеу қондырғысының машинисі;
эксгаустер машинисі;
шлам және жыныс жүйелерінде, оның ішінде концентратты тиеумен және технологиялық процеспен айналысатын экскаватор машинисі;
байыту, сұрыптауға арналған жабдық пен уату-үгіту жабдығы монтажшысы;
металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын металлургия зауыттары жабдығының монтажшысы;
жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбыр тарту монтажшысы;
жұмыс жағдайы зиянды өндiрiстердiң кiрме жолдарында жұмыс iстейтiн жол монтерi;
күйдіруші;
графит байытушы;
ыстық жұмыстарда iстейтiн отқа төтеп берушi;
шаң, газ ұстаушы қондырғыларға қызмет көрсету операторы;
ауырлатқыш, брикеттер, препараттар мен концентраттар, оның iшінде көмiр концентраттары өндірiсiнде жұмыс істейтін басқару пультінің операторы;
қалдық қоймаларында ағаш құбыр қондырғысында жұмыс iстейтiн ағаш шеберi;
сынама алушы;
шағын литражды драга кесек тасшысы;
механикалық електерде ұнтақ елеушi;
қалдық шаруашылығындағы реттеуші;
бақылау-өлшеу аспаптарына және автоматикаға, олар орнатылған жерлерде тікелей қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі;
слесарь-жөндеуші;
сүзгіші;
флотаторшы;
электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;
учаскелердің, цехтардың, бөлімшелердің қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
шебер (аға);
механик;
техник;
электрик;
энергетик (цех, учаске).
12. Шаңында 2 % және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар кендi және кенсiз қазбаларды шикiқұрамдауда кемінде 80 % жұмыс iстейтiн (балшық кесектеу өндiрiсіндегі шикiқұрамдауды қоса алғанда) жұмысшылардың кәсiптерi, оның ішінде:
бункершi;
гүрсілдетушi;
мөлшерлеуші;
уатушы;
конвейер машинисi;
диірмен машинисi;
қоректендiргіш машинисi;
шикіқұрамшы.
13. Шаңында 2 % және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар қара металл кенін, кенсiз қазбалар мен тау-кен-химия шикiзатын уатуда, ұнтақтауда, тартуда, сұрыптауда және байытуда кемінде 80 % жұмыс iстейтін жұмысшылардың кәсіптерi, оның ішінде:
бункершi;
гүрсілдетуші;
мөлшерлеуші;
уатушы;
конвейер машинисi;
диірмен машинисi;
құрғақ шикiзат беруде жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi; реагенттердi ерiтушi;
қалдық шаруашылығын реттеушi;
көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiнде жұмыс iстейтін күйешi;
сепараторшы (құрғақ ұнтақтауда);
байытудың дымқыл циклінде жұмыс iстейтін сепараторшы;
скруббершi-сорғышы;
слесарь-жөндеушi;
сұрыптаушы;
кептiрушi;
брикеттi түсiрушi;
қалдық қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторшы;
тасымалдаушы;
буып-түюшi;
сүзгішi;
флотаторшы;
бүркушi;
цнтрифугалаушы;
барабандарды, бункерлердi, рампыларды, контрациялық үстелдер мен аспирациялық жүйелердi тазалаумен айналысатын тазалаушы;
шикіқұрамшы;
шламшы-бассейншi;
шлихталаушы;
шлюзшi;
электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтерi;
жабдықты жөндеу және қызмет көрсету электрослесарі.
4. Түстi, бағалы металдар мен алмастарды
алу кезiнде кендер мен құмды байыту
14. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар кәсіптері:
сілтіден айыру аппаратшысы;
құрамында алтыны бар кендердi байыту аппаратшысы;
автоклавтарда жұмыс iстейтiн және сілтіден айырумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;
ұнтақтау учаскесінде (бөлiмшесiнде) жұмыс iстейтiн гүрсiлдетушi;
жеткізушi;
реагент мөлшерлеуші;
ксантогенат дайындауда жұмыс iстейтiн мөлшерлеуші;
ұнтақтау учаскесінде (бөлiмшеде) жұмыс iстейтiн уатушы;
ұнтақтау-диірмен жабдығындағы тиеушi;
ұнтақтауда жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi;
кептiру қондырғысының машинисi;
күйдiрушi;
балқытушы;
құрамында цианид немесе қостотықты кристалданған (бос) кремнийi бар сынамалар алумен айналысатын сынама алушы;
реагенттерді ерітуші.
15. Цианид қолданылатын сынамалық және сынамалық-талдау зертханаларының, сондай-ақ алтын өндiретiн және жұмыс уақытының кемінде 80 % кеннен алтын алу ұйымдарында жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшілер.
16. Жұмыс уақытының кемінде 80 % цианидтi ерiтiндiлер қолданылатын жұмыстарда жұмыс iстейтiн (технологиялық және жөндеушi қызметшiлер) қызметкерлер.
17. Шаңында 2 % және одан да көп кристалданған (бос) кремний қосқышқылы бар кенді, кенсіз қазбаларды байытуда жармалаумен, ұнтақтаумен, тартумен, шикіқұрамдаумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын жұмысшылардың кәсіптері, оның ішінде:
мөлшерлеуші;
конвейер машинисi;
құрғақ тартумен айналысатын диірмен машинисi;
шлам өңдеудегi жұмысшы;
ксантогенатты қолданатын және дайындайтын реагенттердi ерiтуші;
сепараторшы;
концентраттарды кептiрумен және кварттаумен айналысатын кептiруші;
шикіқұрамшы.
3. Металлургия өндірiсi (қара металдар)
5. Домна өндiрiсi
18. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
бункер бригадирі;
таратып-құю машиналарының бригадирі;
кен ауласының бригадирі;
домна пешiнiң бункершiсi;
ыстық жұмыс учаскелерінде шлакты ауыстырумен айналысатын автомобиль жүргiзушi;
тиегіш жүргізушісі;
кен ауласында жұмыс істейтін электр және автоарбаны жүргізушi;
домна пешінiң су құбыршысы;
құйманы қағымдаушы;
үйiндідегi түсiрушi;
домна пешiнiң газшысы;
газ қорғаныс аппаратурасын қолдана отырып, жұмыс жүргiзу кезіндегі газдан құтқарушы;
шойынды десульфурациялау көрiкшiсi;
домна пешiнің көрiкшiсi;
домна шлагын түйiршiктеушi;
кен ауласында жұмыс iстейтiн жүк тиеушi;
рентгено-гамма-графирлеу дефектоскописі;
уатушы;
тіс кесуші;
шөмішші;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін қара металл өндірісін бақылаушы;
металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын қазаншы;
қазаншы;
химиялық талдау зертханашысы;
кен ауласында жұмыс істейтін бульдозер машинисі;
тоннельдер мен бункер асты орындарындағы вагон-таразылардың машинисі;
вагон төңкергіш машинисі;
кен аулаларында жұмыс істейтін ұсақтау-тиеу агрегаттарының машинисі;
кен аулаларында жұмыс істейтін конвейер машинисі;
металлургия өндірісінің кран машинисі;
таратып-құю машинасының машинисі;
скипті көтергіш машинисі;
ыстық жұмыстарда істейтін тельфер машинисі;
шикіқұрам жеткізу машинисі;
кен ауласында жұмыс істейтін экскаватор машинисі;
тоннельдерде жұмыс істейтін металлургия цехының электровоз машинисі;
металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын металлургиялық зауыт жабдықтарының монтажшысы;
домна пештерін жөндеумен айналысатын санитариялық-техникалық жабдық монтажшысы;
металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын технологиялық құбыр монтажшысы;
кіреберіс теміржолдарда жұмыс істейтін жол монтері;
шабушы;
отқа төтеп беруші;
шикіқұрам жеткізу жүйесін басқару бекетінің операторы;
құю, отқа төзiмдi материалдар мен термиялық қоспаларды әзірлеуші;
түйіршектеу бассейнінің жұмысшысы;
қож үйінділерінде және қож әзірлеудегі жұмысшы мен бригадир;
жұмыс істеп тұрған өндіріс учаскелерінде (жұмыс орындарында) орналасқан қондырғы жабдықтарын жөндеумен айналысатын жұмысшы;
ферроқорытпа сындырушы;
скипші;
бақылау-өлшеу аспаптарына және автоматикаға, олар учаскеде орнатылған жерлерде жөндеумен айналысатын бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь;
буландырып салқындату жүйесінің слесарі;
ілмектеуші;
кен аулаларында шикіқұрам жеткізумен айналысатын тракторшы;
металлургиялық өндіріс қалдықтарын тазалаушы;
футерлеуші;
шикіқұрамшы;
шлакшы;
электродшы;
электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;
электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь.
Қызметшілер:
Ауысымның, учаскелердің қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
шебер (аға);
механик;
электрик;
энергетик (учаске, цех).
6. Болат және ферроқорытпа өндірісі. Құрам дайындау және копер жұмыстары. Металлургиялық пештерді жөндеу. Доломит пен әкті күйдіру
19. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:
Жұмысшылар:
негізгі өндіріс учаскесіндегі бригадир;
болат балқыту және ферроқорытпа өндірісіндегі шикіқұрам ауласының бригадирі;
конвертерге материалдар жеткізумен айналысатын бункерші;
металл сынықтары мен қожды бөлумен айналысатын шпур бұрғылаушы;
шойын балқытушы;
шайыр қайнату және түптерді кептірумен айналысатын күл қайнатушы;
шикіқұрам ауласында жұмыс істейтін өлшеуші;
металл сынықтары және қожды өңдеумен айналысатын жарушы;
ыстық жұмыс учаскесінде қожды тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі;
ыстық жұмыс учаскесінде отқа төзімді материалдарды тасымалдаумен айналысатын жүк тиегіш жүргізушісі;
пештен әкті түсіруші;
үйінділердегі жүк түсіруші;
газшы;
газдан қорғану аппаратурасы қолданылатын жұмыстарды жүргізу кезінде газдан құтқарушы;
ферросплав пешінің көрікшісі;
шикіқұрам ауласында және фосфатшлакты тиеумен айналысатын жүк тиеуші;
мөлшерлеуші;
уатушы;
шикіқұрам тиеуші;
ыстық металға таңба басушы;
шөмішші;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін, қара металл өндірісіндегі бақылаушы;
металл сынықтары мен қалдықтарын бөлетін коперші;
металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын қазаншы;
шығыршы;
ыстық металды таңбалаумен айналысатын таңбалаушы;
қожды тиеумен және пештер құрылысын бұзумен айналысатын бульдозер машинисі;
вагон төңкергіш машинисі;
дистрибутор машинисі;
құлату машинасының машинисі;
май құюшы машина машинисі;
металлургия өндірісіндегі кран машинисі;
отпен тазарту машинасының машинисі;
диірмен машинисі;
мартен пештеріне шайыр, мазут айдаумен айналысатын сорғы қондырғысының машинисі;
қайта тиеу машинисi;
таратып құю машинасының машинисі;
скипті көтергіш машинисі;
металл сынықтарын және металды бөлумен айналысатын скрепер машинисі (скреперші);
ыстық жұмыстардағы тельфер машинисі;
қожды тиеумен және пештердің құрылысын бұзумен айналысатын экскаватор машинисі;
металлургия цехының электровоз машинисі;
ыстық металды тасымалдаушы машинист;
миксершi;
металлургия жабдықтарын жөндеумен тұрақты айналысатын металлургия зауытының жабдық монтажшысы;
металлургия жабдықтарын жөндеумен тұрақты айналысатын санитариялық-техникалық жабдық монтажшысы;
жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбыр монтажшысы;
кірме жолдары мен шлак үйінділерінде жұмыс істейтін жол монтері;
блоктарды тығыздаушы;
стопорларды теруші;
ферроқорытпа өндірісінде жұмыс істейтін күйдіруші;
металл бетінің ақауларын өңдеуші;
ыстық жұмыстарда істейтін отқа төтеп беруші;
конвертер тиеу операторы;
ыстық жұмыстардағы (құю пульты, газбен кесу, бас бекет, жинау тетігі) дайындамаларды үздіксіз құю машинасының операторы;
қожды уату және құю материалдарын дайындау кезінде тозаң тұтумен айналысатын тозаң-газтұтқыш қондырғыларына қызмет көрсетуші оператор;
шикіқұрам жеткізу жүйесін басқару бекетінің операторы;
ыстық металл өңдеудегі басқару бекетінің операторы;
гидравлика және дайындамаларды үздіксіз құю машиналарын салқындату жүйесінің операторы;
қышқылсыздандырғышты балқытушы;
синтетикалық шлактарды балқытушы;
ферроқорытпаны балқытушы;
вакуум пештерінде болат балқытушының көмекшісі;
конвертердегі болат балқытушысының көмекшісі;
болатты пештен тыс өңдеу қондырғысы болат балқытушысының көмекшісі;
электр күлін қайта балқыту қондырғысы болат балқытушысының көмекшісі;
электр пештердегі болат балқытушының көмекшісі;
металл қалдықтарын және сынықтарын престеуші;
құю, отқа төзімді материалдар мен термиялық қоспаларды әзірлеуші;
қыздырушы;
электр балқыту пешінің пультшісі;
өндіріс процесінде шикізатты, жартылай шикізаттарды және дайын өнімді қайта орналастыру жөніндегі жұмысшы;
шлак үйінділерінде және шлак әзірлеуде жұмыс істейтін жұмысшы;
технологиялық процестерді жүргізетін, жұмыс істеп тұрған өндіріс учаскелерінде (жұмыс орындарында) орналасқан қондырғылар жабдықтарын жөндеумен айналысатын жөндеу қызметінің жұмысшысы;
күйдірілген доломит пен әкті күйдіруде және түсіруде жұмыс істейтін жұмысшы;
ферроқорытпаны сындырушы;
металл сынықтары мен қалдықтарын бөлуші;
болатты таратып құюшы;
суық металл кесуші;
шлакты бөлумен айналысатын сепараторшы;
бумен салқындату жүйесінің слесарі;
ферромарганец пен феррованадийді балқытатын ферроқорытпа пештерін ыстық жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеуші;
слесарь-жөндеуші;
электрод массасын әзірлеумен айналысатын араластырушы;
күйдірілген доломитті сұрыптаумен айналысатын сұрыптаушы;
вакуумды пештің болат балқытушысы;
конвертердегі болат балқытушы;
болатты пештен тыс өңдеу қондырғысының болат балқытушысы;
электр күлін қайта балқыту қондырғысының болат балқытушысы;
электр пештерде болат балқытушы;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін ілмектеуші;
металл сынықтарын бөлумен айналысатын ілмектеуші;
ферроқорытпа кептірумен айналысатын кептіруші;
илек пен құбыр термисі;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін тасымалдаушы;
электрод массаларын қалыптаушы;
бүркуші;
ферроқорытпаларды тазалаушы;
шикіқұрамшы;
шлакшы;
электродшы;
ферромарганец және феррованадий балқытатын ферросплав пештерінің сыртқы қаптарын ұзартумен айналысатын қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші;
жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь.
Қызметшілер:
Ауысымның, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:
шебер (аға);
механик;
электрик;
энергетик (учаске, цех).
7. Илектеу, дөңгелек илектеу, бандаж илектеу, айыр илемі, қаңылтыр жаю, қалайылау, мырыштау және қорғасындау өндірістері. Рельс бекітпелері өндірісі. Ыстық металды термиялық өңдеу, кесу және тегістеу. Калибрленген металл өндірісі
20. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
алюминийлеуші;
купорос өндірісінде жұмыс істейтін кристалдау аппаратшысы;
тұзды қышқылмен жұмыс істейтін бейтараптандыру аппаратшысы;
тұзды қышқылмен жұмыс істейтін регенерациялау аппаратшысы;
купорос өндірісінде жұмыс істейтін центрифугалау аппаратшысы;
электролитті майсыздандыру аппаратшысы;
негізгі өндіріс учаскесінде бригадир;
ыстық илектеудегі калибрлі орнақтың біліктеушісі;
клеттерді жинастыру және аудару біліктеушісі;
профильдi майыстыру агрегатының біліктеушісі;
ыстық илек орнақтарының біліктеушісі;
суық илек орнақтарының біліктеушісі;
пек қайнатушы;
газшы;
илек шеттерін ыстық күйінде кесумен айналысатын газбен кесуші;
газдан қорғану аппаратурасын қолданып жұмыстар орындау кезіндегі газдан құтқарушы;
термиялық пешті толтырушы;
рельстерді электрмен шыңдаумен қоса айналысатын шыңдаушы;
қолмен тиеу жұмыстарын істейтін шыңдаушы;
көмкерушi-жинақтаушы;
қышқылға төзімдетушілер-гуммирлеуші;
дайындама сыртын қолмен таңбалаумен айналысатын ыстық металдарға таңба басушы;
ыстық металға таңба басушы;
ыстық жұмыс учаскелерінде істейтін қара металл өндірісіндегі бақылаушы;
үздіксіз уыттау, қалайылау, мырыштау, алюмомырыштау, қорғасындау агрегаттарында операцияларды жекелеп бақылаумен айналысатын қара металл өндірісін бақылаушы;
ванналарды түзетуші;
пештің іші мен тоннельді тазалайтын қазан тазалаушы;
штампылаушы ұста;
ротация машинасындағы ұста-штампылаушы;
қаңылтыр мен құбырды жылтыратушы;
жайманы соғушы;
электролитті әдіспен қалайылаушы (мырыштаушы);
ыстық тәсілмен қалайылаушы;
ыстық металмен жұмыс істейтін таңбалаушы;
илек орнағы жетекші моторларының машинисі;
ыстық учаскелерде жұмыс істейтін тиеу тетіктерінің машинисі;
металлургия өндірісіндегі кран машинисі;
отпен тазалау машиналарының машинисі;
балға, пресс және манипулятор машинисі;
илек орнағының басты жетектерінде жұмыс істейтін бу машинасы мен локомобиль машинисі;
ыстық жұмыстардағы престер машинисі;
ыстық жұмыстардағы илек орнағы риверсивтік бу машиналарының машинисі;
құйма кесек сындырғыштардың машинисі;
ыстық жұмыстардағы тельфер машинисі;
металлургиялық құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысатын металлургиялық зауыт жабдықтарының монтажшысы;
құрал-жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбырлар монтажшысы;
жайма және құбыр пакеттерін теруші;
металл қыздырушы;
металл бетінің ақауларын өңдеуші;
ыстық жұмыста жұмыс істейтін отқа төтеп беруші;
отқа төтеп беруші;
рельстерді өңдеу желілерінің операторы;
өңдеу, қалайылау, алюминий-мырыштау, қорғасындау, мырыштау бөлімшелерінде үздіксіз өңдеу, майсыздандыру, қалайылау, мырыштау, жалтырату және күйдіру агрегаттарын басқару пультінің операторы;
ыстықтай илектеу орнақтарын басқару пультінің операторы;
суықтай илектеу орнақтарын басқару пультінің операторы;
ыстық жұмыстарда істейтін басқару пультінің операторы;
профиль бүгу агрегаттарының операторы;
қорғасындаушы;
прецезиондық болат пен балқыманы күйдіруші;
ыстық тәсілмен қорғасындаушы;
қайталама қалайыны балқытушы;
металға полимерлік материалдарды жалатушы;
суықтай илектеу орнағы біліктеушісінің көмекшісі;
ыстықтай илектеу орнағы біліктеушісінің көмекшісі;
хром тотығы қолданылатын жұмыстарда жұмыс істейтін жылтыратушы;
металл отырғызушы;
ыстық құбыр илегін түзеу жұмыстарын істейтін илек және құбыр түзетуші;
илек және құбыр түзетуші;
ыстық жұмыстардағы дөңгелек пен бандажды престеуші;
рельс бекітпелерін престеуші-көмкеруші;
лактар, бояулар және левкасты дайындаушы;
металл мен дайын өнімді өңдеумен және сұрыптаумен айналысатын бригадир мен жұмысшы;
металл мен дайын өнімді қабылдаумен, тапсырумен, пакеттеумен және буып-түюмен айналысатын бригадир мен жұмысшы;
шикізатты, жартылай шикізатты және дайын өнімдерді өндіріс процесінде жылжытумен айналысатын бригадир мен жұмысшы;
жұмыс істеп тұрған өндіріс учаскелерінде (жұмыс орындарында) орналасқан қондырғы жабдықтарын жөндеумен айналысатын жұмысшы;
құбырларды ыстық тәсілмен таптап жұқартумен, июмен және жамаумен айналысатын жұмысшы;
пакеттерді айырушы;
ыстық металды белгілеумен айналысатын илек белгілеуші;
ыстық металл кесуші;
рельс бекітпелерін преспен кесумен айналысатын металды қайшымен және преспен кесуші;
суық металл кесуші;
буландырып салқындату жүйесіндегі слесарь;
сым жүргізуші слесарь;
майлаушы;
ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін ілмекші;
жаймалар мен ленталарға ұнтақ себуші;
илек және құбыр термисі;
өңдеуші;
ыстық жұмыс учаскесінде жұмыс істейтін тасымалдаушы;
ыстық металл жинаушы;
ыстық металл илегі кезінде қызған жаңқаларды жинаумен айналысатын металлургия өндірісінің қалдықтарын жинаушы;
ыстық жұмыстарда жұмыс істейтін илек салушы;
бүркуші;
шлакшы;
салқын штамповкада жұмыс істейтін штампылаушы;
жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрослесарь.
8. Құбыр өндірісі (құбыр илектеу, құбыр пісіру,
құбырларды электрмен пісіру, құбыр созу, құбыр құю, фитингті,
баллонды) және мырыштандыру цехтары
21. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
купорос өндірісінде жұмыс істейтін кристалдау аппаратшысы;
купорос өндірісінде жұмыс істейтін центрифугалау аппаратшысы;
құбырларды асфальттаушы;
балғалау бөлімшесінің бригадирі;
құбырлар мен баллондарды қабылдауда, тапсыруда жұмыс істейтін бригадир;
құбырды электрмен дәнекерлеу орнақтарын баптаушы бригадир;
шойын балқытушы;
калибрлеу орнағының біліктеушісі;
домалату машинасының біліктеушісі;
құбырларды ыстық илектеу орнағының біліктеушісі;
құбырларды пеште пісіру орнағының біліктеушісі;
құбырларды суықтай илектеу орнағының біліктеушісі;
құбырларды қалыптау орнағының біліктеушісі;
құбыр созушы;
газшы;
құбыр бүгуші;
грат түсіруші;
шикіқұрамды вагранка мен пештерге құлатушы;
құбыр мен баллондарды пісіруші;
металл құюшы;
құбыр құюшы-толтырушы;
жер өңдеуші;
престе құбырларды калибрлеуші;
қыздырушы;
қыздыру пештерінің жанында жұмыс істейтін көмкеруші-жинақтаушы;
ыстық металға таңба басушы;
ыстық жұмыс учаскелерінде істейтін қара металл өндірісіндегі бақылаушы;
құбырларды ажыратумен айналысатын металл сынықтарын ж