Қоғам • 02 Қараша, 2021

Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері туралы айтты

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты мен нәтижесі туралы «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының жаңа шығарылымында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелері туралы айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызының «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасына берген сұхбатының қысқаша үзіндісін ұсынамыз.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын бір жылдық, бес жылдық деп кезеңге бөлуге болмайды. Бұл кешенді түрде тұрақты жүзеге асуы тиіс бағдарлама. Оның нәтижесі санмен өлшенбейді, сапалы болуы тиіс.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін 17 жоба жүзеге асырылып, оның екеуі өз нәтижесін берді. 

Ең бастысы, Бағдарламаның мәнін және мазмұнын түсіну керек. Мұның негізі, әр адамның бәсекеге қабілеттілігінде жатыр. Бәсекеге қабілетті адам бәсекеге қабілетті қоғамды құрайды. Міне, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі құндылығы осында.

Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру»бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аралық жетістіктері туралы айтқанда, мұнда сандық көрсеткіштерге сүйенудің қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің сана-сезіміміздің өзгергені, қоғамның тұрақты, сапалы дамуы. Мұнда әр қазақстанның үлесі зор.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтуға үлкен үлесін қосып жатқан азаматтарды көрсету. Біз сол жобаның төртінші кезеңіне жол аштық. Өзінің еңбегімен, табандылығымен жетістікке жетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатып жүрген замандастарымызды халыққа танытуымыз керек.

Сонымен қатар, Аида Ғалымқызы ұлттық жобалар төңірегінде де сөз қозғады.

«Ұлттық жоба - ұлттық кодты сақтау, мәдениетімізді халыққа кеңінен таныту, салт-дәстүрімізді дәріптеу, насихаттау.

Аталмыш жоба үш бағыттан тұрады:

мемлекеттік тіл саясаты, мәдени және жастарды қолдау», деді министр.