Оқиға • 02 Қараша, 2021

Қызылордада жол апатынан 2 адам қаза тапты

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қызылордада жол апатынан 2 адам қаза тапты

Оқиға бүгін Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесі бойында болған. Аталған көшеде «Toyota Hilux» және «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар