Медицина • 03 Қараша, 2021

Жастарда аутоиммунды кеселдер көбейіп тұр

416 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Аурудың ауыр-жеңілі жоқ десек те, кез келген кеселді асқын­бай тұрып анықтап, ем-домын дер кезінде жүргізбесе, соңы жақ­­сылыққа апармайтыны аян. Алайда нақты бір себептерден кейбір дерттің өршитін кезеңдері болмақ. Мәселен, қазіргі таңда маман­дар ағзадағы бірнеше жүйенің бір-бірімен байланыста дами­тын аутоиммунды аурулардың көбейіп келе жатқанын және оны ғылыми тұрғыда дендеп зерттеу қажеттігін алға тартып отыр.

Жастарда аутоиммунды кеселдер көбейіп тұр

Дәрігерлердің қазіргі долба­рына қарағанда, аутоиммунды кесел ағзадағы иммундық жү­йе­нің, яғни буын, қан, бүйрек, жү­рек жүйелерін дәнекерлейтін тін­дердің бұзылуынан пайда бол­мақ. Егер де есте сақтау қабі­ле­тіңіз нашарлап, себепсіз шар­шап, шашыңыз түсіп, дене қызуы­ңыз құбыла бастаса, оның шипа­сын көктен күтіп жатудың қа­жеті жоқ. Аутоиммунды кесел­ді асқындырудың салдары қа­тер­лі ісіктердің зардабымен те­ңе­се­тіндіктен, мамандар оны әлеу­меттік, қоғамдық маңызы бар ауру­лар­дың қатарына жатқызады. Ең өкі­ніштісі, жаһандық пандемия­дан кейін әлемде аутоиммунды ауру­ларға душар болғандар қатары тіпті көбейген.

Сондықтан таяу күндері Қа­­зақ­стан мен ТМД елдерінің рев­­ма­тологтары қатысқан «Ауто­им­мунды аурулар: пәнаралық мәсе­лелер» «Ревматологияда­ғы са­бақтас мәселелер» халықара­лық ғылыми-практикалық кон­фе­рен­­ция-телекөпірін медицина са­ла­сындағы айтулы оқиға­лар қатарынан табуға бола­ды. Телекөпір Қазақстанда ревмато­логиялық ғылыми орталық құ­ру­­дың мәселесін жан-жақты тал­қылауға қол жеткізді. Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министр­лігінің мұрындық болуымен, аутоиммун­ды науқастарды ем­деудің жаңа әдістерін зерделеп, озық тәжірибелерді ендіру үшін шетелдік әріптестерімізбен нақты мәмілелер, келіссөздер жүріп жатыр.

Телекөпірде ғалымдар ауто­им­­мунды аурулардың жастарда, әсіресе қыз-келіншектер ара­сында кең етек алып бара жат­қа­нына тоқталды. Қашықтан бол­са да шараға қатысушылар рев­матологиялық көмекті ұйым­дастыру, науқастарды емдеу мен оңалтудың маңызды мәселелерін ортаға салды. Ал отандық ға­лымдар ревмотологиялық ғы­лы­ми орталықтар құру – заман тала­бы екенін айтып, шетел­дік әріп­тестерімен тәжірибе алмасу үз­діксіз жалғаса беретінін жеткізді.

– Аутоиммунды аурулар­дың емін ағза жеңілмей тұрып бастау керек. Ал бұл кеселдің қазірге нақты неден пайда болатыны толық анықталмаған. Қат­­ты күйзеліске түсу, торығу, жұқ­палы дерттерді салдарынан өршиді деген болжамдар бар. Бұл дерт үлкен зерттеулер мен нақ­ты жұмысты қажет ететіндіктен, біз өткізіп отырған халықаралық ғылыми-практикалық конфе­рен­ция-телекөпір – әлемдік ревма­тологияның дамуы үшін үлкен маңызға ие, ірі оқиға деп айту­ға болады. Негізгі мақсатымыз – ме­­дициналық озық технология­лар­ды қолдана отырып, ревмотология орталығын Қазақстанда да құ­­ру. Және халыққа озық тех­но­ло­гияларға сай ем-дом жасап, диаг­нос­тиканы дұрыстау мә­селесін жолға қою керек. Қазіргі жағ­дайда ревматологиялық қыз­мет­тің іс-әрекетін үйлестіріп, жү­йелі аутоиммунды және им­мун­дық-қабыну ауруларының түйт­­кілдерін тарқату үшін рес­пуб­­­ликаның бас ғылыми және кли­­­никалық мекемесі ретін­де рев­­­­­матология ғылыми орталы­ғын ұйым­­дастыру қажеттігі пі­сіп-же­тілді. Министрлік те бұл бас­­­­­таманы қолдап отыр, – дейді Қазақ­­­стан Республикасының бас рев­­мато­ло­гы ­Ға­л­ымжан Тоғыз­баев.

Аталған форумның салмағын бұл мәселеде тәжірибе жинақтап алған ревмотология саласында­ғы шетелдік танымал ғалымдар мен мамандар арттырды. Өйткені қай елде болмасын ревматика­лық аурулардың әлеуметтік маңызы өте жоғары. Жас таңдаудан жа­ңылған бұл кесел созылмалы ағым­ға, дерттің өршуі мен ерте мүге­дектікке, мезгілсіз қазаға душар ететіндіктен, науқастардың ет жа­қындарына да, мемлекетке үлкен салмақ салады.

Ендігі жерде көтеріліп жат­қан мәселенің өзектілігін ескере оты­рып, Денсаулық сақтау ми­нистрлігі мамандандырылған рев­матологиялық көмек ұйым­дас­тыру нысандарын жетілдіру, диаг­ностиканың, емдеу мен оңалту­дың қазіргі заманғы әдістерін тә­жірибеге енгізу, сапасын арттыру мүмкіндіктерін іздестіруге кірісті деуге болады.

Форумның ең маңызды мін­деті – инновациялық тиімділігі жо­ғары дәрілік препараттарды, бол­жамды айтарлықтай жетіл­діріп, пациенттердің әлеуметтік бейім­делуіне көмектесе алатын және олардың еңбекке жа­рам­дылығын сақтай алатын хи­рур­гиялық емдеудің қазіргі заман­ғы әдістерін пайдалана отырып, қимыл-тірек аппаратының қа­быну және дегенеративті ауру­ларын ерте диагностикалау және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу проблемаларын шешу үшін телекөпірге қатысқан елдердің күш-жігерін біріктіру.

Отандық денсаулық сақтау саласындағы ендігі реформалар ревматикалық ауруларға шал­дыққандарға жоғары білікті меди­циналық көмек көрсететін кадр­лар құрамының жасақталуына жол ашуы тиіс. Сондықтан дәрі­герлердің дипломнан кейінгі үз­діксіз білімін, оның ішінде ден­саулық сақтаудың бастапқы буы­нын жетілдіру көкейкесті тап­сырма болып қала бермек. Соны­мен қатар министрліктің бастамасымен кәсіби қоғамдастық әзір­леген, әлеуметтік тұрғыда мәні бар ревматикалық аурулары бар пациенттерді диагностикалау мен емдеудің стандарттары мен кли­никалық хаттамалары бұл дертті емдеудің тиімді әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасайды.

Және бұл мәселеде С.Асфен­дияров атындағы Қазақ Ұлт­тық университеті мен «Қазақ ревматология алқасы» РҚБ-нің тізе қосып, тығыз әріптестік байланыс орнатуы да еліміздің барлық өңірінде халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүм­кіндік бермек.

Осы тұрғыдан келгенде Еура­зиялық ревматологтар ли­гасы са­рапшыларының қаты­суы­мен иммундық-қабыну ревма­ти­ка­лық аурулары (ИҚРА) бар па­циенттер үшін COVID-19 қар­сы вакциналаудың бірыңғай еура­зиялық клиникалық ұсыным­да­рын талқылау жөніндегі Са­раптама­лық кеңестің отырысын өткізу – ма­ңызды оқиға.

 

АЛМАТЫ