Атап айтар болсақ, келесі жылдан бастап «Астана» сапында сербиялық Антонио Рукавина, испаниялық Кадете Лопес, португалиялық Педру Эуженио, молдовалық Валерий Чуперка, босниялық Семир Смайлагич сияқты ойыншылар өнер көрсетпеуі мүмкін.
Сонымен қатар клубтың черногориялық Жарко Томашевич, хорватиялық Лукаш Шимунович сияқты ойыншыларымен де келісімшарт аяқталады. Ал «Астана» басшылығы әзірге оларға жаңа келісім ұсынбаған. Бұған дейін шабуылшылар Фатос Бечирай (Черногория) мен Тигран Барсегянның да (Армения) клуб қатарынан кететіні белгілі болған.
Десе де әлі келісімшарты бар ойыншылармен «Астана» бұрынғы басшылық бекіткен келісімдегі тармақ негізінде қоштаспақ. Оған сәйкес келісім мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда клуб оларға 2-3 айлық жалақыны төлейді.