Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Павлодарда бір күнде 35 жол апаты орын алды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда ауа райының нашарлауына байланысты бір күн ішінде 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда бір күнде 35 жол апаты орын алды

«2 қараша күні сағат 14:10-да Павлодарда ПМХЗ автожолында «Шкода Суберб» маркалы автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Фольксваген Гольф» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, «Шкода Суберб» автокөлігі айып тұрағына қамалды. Тексеру жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 қарашада Павлодарда 35 ЖКО тіркелді», деп толықтырды ПД.

Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолда абай болуды еске салды.

«Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 529 ЖКО тіркелді, соның нәтижесінде 47 адам қаза тапты, тағы 789 адам жарақат алды», деп хабарлады ведомстводан.