Ол өз сөзінде Украина президенті Владимир Зеленский бұрынғы мемлекет басшысы Виктор Януковичтің тағдырын қайталауы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, елдің қазіргі көшбасшысы бұрынғы президент секілді кадр мәселесінде көп қателік жіберген.
«Сіз Зеленский қорқақ емес деп ойлайсыз ба? Оның елде не болып жатқанын түсіну үшін жеткілікті миы жоқ. Бұл Януковичтің жағдайынан да нашар аяқталуы мүмкін», деді Мураев.
Бұрынғы депутат елдегі қазіргі жағдай 2013 жылғы майдандағы оқиғаларды еске түсіреді деп санайды. Сол себепті де ол Зеленскийге көңілі толмайды.
«Владимир Александрович, біз сізден шаршадық. Біз қалыптасқан елде өмір сүргіміз келеді. Сіздің ақымақ шешімдеріңіз, елге зияны мол қадамдарыңыз діңкелетті. Сіз өзгеруіңіз керек. Өйтпесеңіз бәрі нашар аяқталады», деді саясаткер.