Қоғам • 03 Қараша, 2021

ТМД кеңесі ерлікпен қаза болған батыр шекарашыны марапаттады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі 27 жыл бұрын қаза тапқан батыр-шекарашы Раджан Батркановтың (Батырханов) анасын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД кеңесі ерлікпен қаза болған батыр шекарашыны марапаттады

2021 жылғы 2 қарашада Семей қаласының гарнизондық офицерлер үйінде батыр-шекарашы Раджан Батырхановтың анасына салтанатты түрде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекараларын нығайтқаны үшін» медалі табысталды.

Батыр-шекарашыны медальмен марапаттау туралы шешімді ТМД мемлекеттерінің (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина) 11 шекара ведомствосының Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі қабылдаған.

Айта кетейік, Батырханов Раджан Армиевич (1975-1994) интернационалист-жауынгер, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальонының Күршім взводының құрамында қызмет атқарған. 1994 жылғы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан. Қиян-кескі айқасты бірінші қабылдап, өз әскери қызметтестерін құтқарып, ұрыста жеңіске жетуге жол ашты.