
23 жасар боксшыны Маджони үшінші раундта есінен тандырған еді. Зимунья сол күйі ес жия алған жоқ. Оған дәрігерлер келгенге дейін де көмек көрсетілген. Кейіннен боксшы ауруханаға жеткізілді. Алайда аурухана палатасында боксшы көз ашпаған күйі о дүниеге аттанып кетті. Алдын ала тараған мәліметтерге сенсек, спортшы миына қан кетуіне байланысты қайтыс болған.