Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 97%-ға жетті

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семей қаласы бойынша Қазақстан Республикасында тіл саясатының 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік тілдегі құжат айналымы 97%-ға жетті

Мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену үшін қаланың барлық тұрғындарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында 2013 жылдан бастап «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында орталық базасында мемлекеттік тілді 719 адам, ағылшын тілін - 269 адам, орыс тілін - 236 адам оқыды. Биылғы оқу жылында қазақ тілін - 279 адам, орыс тілін - 103 адам, ағылшын тілін - 89 адам оқуда.

Қалада тұратын этностар өкілдерінің тілдерін оқыту бойынша Тілдерді оқыту орталығының базасында жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Ағымдағы оқу жылында жексенбілік мектепте татар тілін - 30, неміс тілін - 19 және орыс тілін - 16 адам оқиды.

«Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы ұлттық - тілдік ахуал туралы» әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 96%-ды құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 7,9%-ды, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі 7%-ды құрады.

Қала тұрғындары мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған республикалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады.

Сонымен қатар тоқсан сайын мемлекеттік органдардың құжат айналымына мониторинг жүргізіледі. Шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2020 жылы 95%-ды, биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 97%-ды құрады.