Жол апаты Ұйғыр ауданындағы Шонжы – Ақсу – Ұзынтам тас жолының 3-ші шақырымында сәрсенбі күні күндіз болған.
«Audi және Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысып, отқа оранды. Екі көліктің жүргізушісі, Nissan көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үшеуі Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды, кейінірек олардың екеуі көз жұмды. 5 жасар қыз жан сақтау бөлімінде жатыр», деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының төртінші бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.