Тартысты өткен жекпе-жекте Мақсат Қайсар қарсыласынан айласын асырудың барлық амалын қолданды. Жойқын соққыларын дөп тигізе білген қандасымыз кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Мақсат Қайсар қарсыласын мерзімінен бұрын жеңбесе де, UFC жетекшісі Дана Уайт оған келісімшарт ұсыныпты. Қазақ оғлан Дана Уайттың ұсынысын қабыл алды.