Оқиға • 03 Қараша, 2021

Жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда тұрғыны белгісіз адамның оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені туралы өтінішпен полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жалға алынған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

Тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында жәбірленуші автокөлікті сататын сайттан көлікті таңдап отырып, хабарландырудан 12 млн теңгеге «Тойота Камри 70» маркалы автокөлігі сатылымда тұрғанын көргені анықталған. Сатушы ақша қатты қажет ететіндіктен көлікті арзан бағамен беретінін түсіндірген. Кейін олар кездесіп көлікті көріп шығып, 11 млн 700 мың теңгеге келіседі де, жәбірленуші сатып алуды шешеді. Күдікті сатып алушыдан 11 млн теңгені алып, көліктің кілтін табыстап, толық есептескеннен соң көліктің құжаттарын ресімдеуге уәде береді.

Содан аталған автокөліктің жалға алынғаны, яғни алаяқ оны жалға алып кейін сату туралы хабарландыруға бергені анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық полицейлер 36 жастағы күдіктіні Алматы қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер зардап шеккендердің санын анықтап жатыр.

Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Жеке тұлғалардан автокөлік сатып алғанда, құқық белгілеуші құжаттарды тексеру қажет екенін ескертеді.