Экология • 04 Қараша, 2021

2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу көзделуде

568 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының сценарийін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу көзделуде

«Мемлекет басшысы мәлімдеген көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатын орындау үшін 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясының жобасы әзірленді. Екі сценарий әзірленді: базалық және көміртекті бейтарап.  Алдын ала есептеулер бойынша, көміртегі бейтараптығы сценарийін жүзеге асыру 2060 жылға қарай шығарындыларды 98 пайызға азайтады», деді Серікқали Брекешев үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, стратегияны әзірлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«Сонымен қатар біз Париж келісімінің мақсаттарына жету үшін Ұлттық бағаланған жарналарды (ONUV) жаңарту жұмыстарын аяқтадық.  Барлық негізгі секторлар үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту шараларын қамтитын жол картасы әзірленді. Құжат мемлекеттік органдармен келісе отырып жасалған», деп толықтырды министр.