Бокс • 04 Қараша, 2021

ӘЧ: Бүгін бес боксшымыз финалға шығуға тырысады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты қыза түсті. Бүгін бес боксшымыз финалға шығуға тырысып көрмек, деп хабарлайды, Egemen.kz.

ӘЧ: Бүгін бес боксшымыз финалға шығуға тырысады

Күндізгі сессияда (18:00-де басталады) 48 кило салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Теміртас Жүсіпов Белоруссия боксшысы Евгений Кармильчикпен қолғап түйістірсе, 54 кило салмақтағы Махмұд Сабырхан үнді жігіті Акаш Кумарға қарсы рингке көтеріледі. Үшінші болып шаршы алаңға шығатын 67 кило салмақтағы саңлағымыз, ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов жапониялық Севонрец Окадзаваның шамасын байқап көреді.

Кешкі сессияда (23:00-де басталмақ) Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 51 кило салмақтағы сайыпқыранымыз Сәкен Бибосынов тайландтық Танарат Саенгфетпен жұдырықтасса, 57 кило салмақтағы Серік Теміржанов кубалық Освел Кабальеро Гарсиямен қолғап түйістіреді.