21 Ақпан, 2014

Баға шарықтамайды

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
нан 4Қалалық әкімдік өкілдері баға тұрақтылығын байқау мақсатында Семейдің сауда орындарын аралап көрді. Әсіресе, әлеуметтік қажеттілік болып табылатын бірінші кезектегі нан өнімдерінің бағасы басты назарда тұр. Осыған орай қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев, кәсіпкерлік бөлімінен Әмина Сыздықовалар жанар-жағармай құю бекеті, дәріхана және супермаркеттерде болды. Жанар-жағармай көлік жүргізушілер үшін тұрақты бағада, Аи-92 бензині бұрынғыдай 115 теңгеде екен. Мұдан соң қала дүкендеріне бас сұққан жұмыс тобы ондағы әлеуметтік бағаларға назар аударды. Мұнда картоп, сәбіз – 61 теңге, қант – 155 теңге, бірінші сорт нан – 48 теңге, сол сияқты басқа да өнімдерінің шарықтап кеткені байқалмады. Дүкен сатушысы Мира Алимжанованың айтуынша, ресейлік тауар жеткізушілер бағаны көтеруі мүмкін. Ертеңнен бастап, барлық ресейлік өнімдерге 20 пайыз баға көтеріледі деген ескертпе алдық. Әрине, шетелдік тауарға баға қымбаттаса да дүкен иелері де аса қымбат үстеме қоспайтын болады. Дүкендерде баға тұрақты екен, бұл бізді қуантады, деді әкім орынбасары Жағыпарбек Елубаев, егер баға көтеріліп кетсе, қарапайым халыққа, бір жалақымен ғана, не зейнетақымен отырғандарға аса қиын. Егер шетелдік өнім қымбаттап келсе де, сіздер екі есе бағасын өсіріп жібермейміз дегендеріңіз дұрыс. Әр нәрсеге сабырмен қараған жөн. Бұдан соң әкімдік өкілдері баға саясатына орай брифинг өткізді. Оған ауылшаруашылық бөлімінің бастығы А. Суйчинов, «Шығыс-Самғау» тұрақтандыру қорының бастығы Т. Мұратовтар қатысты. 2014 жылдың 11 ақпанынан бас­тап баға тұрақтылығы және мониторинг жүргізуге орай жұмыс тобы құрылған. Жеке сауда нүктелерімен меморандумға қол қойылған. Онда үстеме баға 10 пайыздан аспайтын болады. Кәдімгі нан бағасы 50 теңгеден аспауы тиіс. Осыған орай 189 меморандум бекітілді. «Семнан» және «Шығыс нан өнімдері» ЖШС бағаны нанға 45-50 теңгеден ұстайтын болады. Қаладағы 30 дүкенде тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады. Онда орамжапырақ, қызылша сияқты ауылшаруашылық өнімдері 61 теңгеден жоғары көтерілмейтін болады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. СЕМЕЙ.