21 Ақпан, 2014

Өзара тиімді ынтымақтастық

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыстық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі мен Ақтөбе мұнай құралдары за­уы­ты арасында кәсіптік маман жұмысшылар даярлау бойынша келісімшарт жасасуға бастамашы болды. Кәсіптік-техникалық оқу орны мен кәсіпкерлік субъектілер ара­сында еңбек нарығын жұмысшы кадр­лары­мен қамтамасыз етуге байланыс­ты өзара әріптестік қатынас орнығуда. Шы­ны керек, барлық оқу орындары бірдей бо­ла­шақ жұмысшылардың тәжірибеден өте­тіндей қажетті құралдармен жарақ­тан­­­дырылмаған. Бұл бағытта Ақтөбе өнер­­кәсіптік технологиялар және бас­қару колледжінде тым-тәуір тәжірибе қалыптасып отыр, мұнда зауыт жақында са­тып алған қондырғыларда жұмыс іс­тей­тін мамандарды екінші жыл дайындап келеді. Швейцарияда шығарылған қон­дыр­ғы кәсіпорынға жақында жеткізілді, таяу уақытта шетелдік компания мамандары оны осы зауытта құрастыра бастайды. Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік блок сарапшысы Арман Бораштың айтуынша, колледжде осы қондырғыларда жұмыс істейтін мамандардың тәжірибеден өтуіне тамаша жағдай туғызылған. Мұны білген Ақтөбе мұнай құралдары зауытының басшылығы осындай өзара әріптестік қадамға барып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын дайын мамандарды қабылдап, бірден іске кірісіп кетуге мүдделі. Кәсіпорын мен колледж басшылары жұмысшы кадрларын даярлау туралы әріптестік меморандумына қол қойды. Зауыт өкілдері колледжде болып, оқушылардың осы заманғы қондырғыларда тәжірибеден өтіп жатқанын көріп, олардың бірден жұмыс істеп кететініне сенді. Колледж оқушылары зауытқа экскурссия жасады. – Оқуларын аяқтаған соң түлектердің бір бөлігін локомотив депосына жібереміз, енді бір бөлігі жеке фирмаларға жұмысқа орналасады. Бұдан былай бұл мәселе бұрынғыдан да жеңіл шешілетін болды. Ақтөбе облысы кәсіпкерлері палатасының бастамасымен Ақтөбе мұнай құралдары зыуытымен түлектерімізді жұмысқа қабылдауға келісім-шарт жасалды,–дейді колледждің токарь ісі бойынша өндірістік оқу шебері Нұржан Өксікбаев. Болашақ токарьлар зауыттың техникалық бөлімінің бастығы Алтынбек Мәзеновтің өндіріс туралы әңгімесін ынта қоя тыңдады. Ол жұмысшы қолы жетіспейтінін де жасырмады. Әсіресе, автоматтандырылған станоктарда жұмыс істейтін шебер токарьларға сұраныс жоғары көрінеді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».  Ақтөбе облысы.