Экология • 04 Қараша, 2021

Асқар Мамин экожағдай туралы жол картасын толық атқаруды тапсырды

73 рет көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдіктерге Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол карталарын толық іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың орнықтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, электрлендіру, экологиялық таза және жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Парниктік газ шығаруды азайту жоспарларын іске асыру кезінде нарықтық механизмдер мен жеке инвестициялар әлеуеті барынша пайдаланылады», деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, Қазақстан Орман және жер пайдалану жөніндегі декларацияға, Жастарға білім беру және тарту міндеттемесіне қосылды.

«Қазіргі кезде Арал экологиясын жақсарту жұмыстары аясында теңіз түбіне 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу жұмыстары жалғасуда. Келесі жылдан бастап алты қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қоқыс өңдейтін зауыт салу жобасын іске асыру басталады. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы да атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге, елдегі су ресурстарының экожүйесін, биоалуантүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған», деді Асқар Мамин.

Қазіргі уақытта әкімдіктер Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол карталарын іске асыруда.

«2021 жылға көзделген іс-шаралардың 62%-ы ғана орындалды. Ең төмен көрсеткіштер – Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында. Сондықтан әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруға және жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», деді Асқар Мамин.

Соңғы жаңалықтар

Айбергенов күнделігі

Әдебиет • Кеше

Кофе және әдебиет - 6

Әдебиет • Кеше

Жасанды интеллект дәуірі

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар