Президент • 04 Қараша, 2021

Ауыл шаруашылығында жемқорлық асқынып тұр

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлық мәселесін қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығында жемқорлық асқынып тұр

«Ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы. Соңғы 5 жылда бұл мақсатқа 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесі қайда? Жұмсалған қаражат жоқ болып кетті. Бірыңғай бақылау жоқ. Маңызды экономикалық нәтижесі де жоқ.

Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоға прокуратурамен және басқа да органдармен бірге осы салаға кешенді талдау жүргізуді тапсырдым. Бұған қоғам мен фермерлердің өздерін тарту қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.