Спорт • 04 Қараша, 2021

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының оқу-жаттығуы басталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы елордада кезекті оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының оқу-жаттығуы басталды

Мәдіғали Қарсыбеков шәкірттері елордадағы «Алау» мұз айдынында жаттығуларын пысықтап жатыр. 13 қарашаға дейін жалғасатын жаттығуда 12 спортшы шеберліктерін шыңдайды. 

Атап айтқанда, ерлерден Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали ал қыздар арасында Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева мен Әсел Тайшыманова жаттығуға кіріскен. 

Айта кетерлігі, жақында ғана ұлттық құрама Жапониядағы әлем кубогының кезеңінен елге оралды.