Коронавирус • 05 Қараша, 2021

Қазақстанда қай жастағы балаларға вакцина салынатыны айтылды

5580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтты. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қай жастағы балаларға вакцина салынатыны айтылды

Коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады.

Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов бекіткен нұсқаулықта айтылған.

«Бастапқы кезеңде коронавирусқа қарсы профилактикалық вакциналау 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерден басталады. Кейін (16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакциналау аяқталғаннан кейін) 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер екпе алады», делінген.

Білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және т.б.) оқитын жасөспірімдерді вакциналау оқу орны бойынша жүргізілуі мүмкін.

Қазақстанда жасөспірімдерді вакцинациялау ерікті түрде және олардың ата-анасы мен заңды өкілінің алдын ала келісімімен ғана жүргізілетінін ескеріңіз.