Экономика • 05 Қараша, 2021

Елімізде электр желілеріне қолжетімділік 100 пайызға жетті

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«РИА Рейтинг» сарапшылары ағымдағы жылы ұсынған халық үшін электр энергиясының қолжетімділігі бойынша Еуропа елдерінің рейтингісінде Қазақстан өңірде электр энергиясының ең төмен құны бар ел ретінде көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде электр желілеріне қолжетімділік 100 пайызға жетті

Сол IEA деректеріне сүйенсек, халыққа электр энергиясының қолжетімділік деңгейі бойынша елдер рейтингісінде Қазақстан тұрғындардың электр желілеріне 100%-дық қолжетімділігімен көшбасшы елдер қатарына кіреді. Сонымен бірге 2018 жылы мониторингке енген 204 мемлекеттің арасында толық қамтудың абсолюттік деңгейін тек жартысынан көбісі ғана көрсетті. ОА және ЕАЭО елдері арасында, толық емес қамту, мысалы, Тәжікстанда байқалады (99,3%). Ең нашар көрсеткіштер – Буркина-Фасо, Чад және Бурунди елдерінде тіркелген.

Ағымдағы жылдың үш тоқсаны ішінде ҚР-дағы электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт·сағатқа жетті. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7% артты. Тұтыну 7%-ға, 82,9 млрд кВт·сағ  дейін өсті.