Мұхаметғали Арыспаев карантиндік шектеулер төңірегіндегі мәселенің талқыланғанын нақтылады.
«Қараша айынан бастап тек «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларды сауда ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға кіргізу жоспарлануда. «Көк» мәртебенің иелері енді тек демалыс күндері ғана емес, жұмыс күндері де қоғамдық орындарға бара алмайды. Себебі «көк» мәртебесі бар адамдардың 1%-ы - медотводы бар адамдар, ал қалған 99%-ы – жай ғана егілмеген адамдар», деп мәлімдеді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, облыста вакцинация баяу қарқынмен жүруде.
«Жұмыс істемейтін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар вакцинациялау үшін емханаларға келмейді. Қазір бұл мәселе бойынша қаулы дайындап жатырмыз. Екінші мәселе – ата-аналар мектепке дейінгі балалар мекемелеріне тек «жасыл» мәртебемен кіре алады», деп түйіндеді дәрігер.
Айта кетсек, БҚО Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан.