Экономика • 05 Қараша, 2021

Қытаймен шекарадағы мәселе қашан шешіледі?

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай шекарасынан өте алмай шаруасы тұралап қалған отандық тауар тасымалдаушылардың мәселесі қалай шешіліп жатқаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытаймен шекарадағы мәселе қашан шешіледі?

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев айтты.

«Қытаймен шекарадағы жағдай аса маңызды. Иә, біз мәселенің барын көріп отырмыз. Және ол коронавируспен байланысты, пандемияның салдарынан Қытай шекарасын жауып, тауар алмасуды тоқтатып тұр. Тауарды шекарадан өте қатаң тәртіппен өткізіп жатыр, осы себепті тасымалдаушылар шекарада тұрып қалуда. Осы орайда отандық бизнеске қолдау көрсетіп, шекарадағы мәселені шешу мақсатында біз қытайлық серіктестермен келісім жүргізіп жатырмыз. Яғни шекара арқылы тауар тасымалы прецесін жеңілду үшін. Індеттің беті қайтпайынша Қытайдың шекарасын ашуы екіталай», деді Ержан Қазанбаев.

Оның айтуынша, эпиджағдай реттелсе Қытай мемлекеті өз шекарасын аша бастайды.

Айта кетсек, Орталық коммуникациялар қызметінде орнықты экономикалық өсу, өңірлер мен бизнесті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды іске асыру барысына арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.