«Бүгінгі таңда Антикор Мемлекет басшысының тасырмасына сәйкес, лауазымды тұлғаларды жекелеп құрықтаудан, жемқорлық әрекеттің толық сұлбасын ашу әдісіне көшті. Бұл жүйелі әрі тиімді тәсіл. Әрине, сыбайлыс жемқорлық әрекеттің бірнеше түрі бар. Атап айтсақ, тұрмыстық, корпоративтік немесе жүйелі жемқорлық. Соның ішінде ең қауіптісі жүйелі парақорлық. Бұл жағдайда Антикор жемқорлықтың осы аталған түрімен күресуді қолға алды. Менің ойымша, бұл біздің еліміз үшін тиімді болмақ», - деді Дәурен Абаев «Хабар» телеарнасында өткен «Ашық диалог» 2.0 (Открытый диалог 2.0) сұхбатында пікірімен бөлісіп.
Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парақорлықпен күресудің жаңа әдісін уақытылы қолға алғанын да тіліне тиек етті. «Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы саласында «жемқорлық рента» туралы әңгіме айтылып жатыр. Мүмкін қазақстандықтар азық-түлік сатып алған кезде тауар үшін ғана емес шенеуніктердің қалтасын қампиту үшін төлеп жатқан шығар. Сондай-ақ, Антикор басқа салалар бойынша да жемқорлық әрекеттердің бетін ашу бағытында жұмыс істеп жатыр», - дейді ол.