Спорт • 07 Қараша, 2021

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорғанда Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың жаңа бас бапкері сайланды

«Отырыс барысында жаттықтырушылар кеңесінің көпшілік дауысымен ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Дәурен Бекмұхамедов сайланды. Бұл жағдайға Альберт Линдердің өлімі мен одан кейінгі бірқатар оқиға, спортшылардың, жаттықтырушылардың, сондай-ақ, Альберт Линдердің туыстарының көптеген үндеуі себеп болды. Оқиғаға министр араласқаннан кейін жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел ережебұзушылықтар анықталды, соның салдарынан құраманың бас жаттықтырушысы Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалары жұмыстан шеттетілді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, спорттағы әділетсіздік туралы өтініштердің көбеюіне және оны растайтын дәлелдердің анықталуына байланысты кеңесте еркін стильдегі танымал қазақстандық палуан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Ильясович Байрамұқов спорт бойынша омбудсмен болып тағайындалғаны айтылды.