Кеше Бас прокуратурада брифинг өткізіліп, онда бұдан бұрын хабарланғандай, құқық қорғау органдары Центр Кредит Банк, Каспий Банк және Альянс Банктің банкрот алдындағы жағдайы жөнінде жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізіліп жатқандығы туралы ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіков айтып берді.
Мұндай жалған ақпараттың аталған қаржы ұйымдарына айтарлықтай зиян келтіріп, қоғамда әлеуметтік шиеленістің өршуіне әкеп соққаны белгілі, деді ресми өкіл. Бүгінгі күнге дейін банктердің қаржылық ахуалы жөнінде жалған ақпараттың алғаш таратылуына қатысы бар бірнеше адам анықталып, ұсталды. Олар кінәларын мойындап, тиісті түрде жауап беруде және мұндай әрекеттерге баруларының жай-жапсарын егжей-тегжейлі баяндап берді. Ұсталғандардың арасында алматылық заң компаниялары бірінің қызметкері және банк заңгері бар. Олардың жауаптары басқа анықталған және ұсталған адамдардың түсініктемелері сияқты мұқият тексерілуде.
Жалпы алғанда, құқық қорғау органдары анықтаған көрінеу жалған ақпаратты дайындау және таратуға кінәлі барлық адамдарды әшкерелеу және жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауда. Істің нақты мән-жайларына қарай әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәселе шешілетін болады. Зардап шеккен банктер материалдық зиянды өтеу туралы талап-арыздар беруді бастады. Сонымен қатар, біз Парламентке елеулі зиян және ауыр салдарларға әкелуі мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныстар енгіздік. Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарға, БАҚ өкілдеріне шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратудан бас тарта отырып, осы мәселелерге неғұрлым жауапкершілікпен қарау туралы өтініш жасайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады, деді Бас прокуратураның ресми өкілі.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 20:05
Қостанайда полицейлер мен қамаудағылар мінген автозак аударылды
Қоғам • Бүгін, 19:54
Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
Қоғам • Бүгін, 19:41
Щучинскідегі дәмханадағы газ жарылысына қатысты тергеу аяқталды
Қоғам • Бүгін, 19:20
Трамп Ресей мұнайына қарсы санкцияларды қайта енгізуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:56
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:34
Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25