Оқу-жаттығудың ашылуы рәсімі бүгін Қазандағы Жуков Қызыл ту орденді жоғары командалық танк училищесінің полигонында өтеді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды жүргізуде ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімдер мен бөлімшелердің үйлесімділігін арттыру. ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің топтары алдында бітімгершілік операцияны дайындау және жүргізу бойынша тапсырмаларды пысықтау міндеті тұр. Бітімгерлердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларына босқындар лагерінде жұмыс істеу, гуманитарлық жүгі бар лектерді алып жүру, дағдарыс ауданында орналасқан елді мекенді оқшаулау және тосқауыл бекеттерінде қызмет ұйымдастыру кіреді.
Оқу-жаттығудың қорытынды бөлігінде Ұжымдық күштердің топтары жауынгерлік бөлімшелермен «содырлар» орналасқан ғимаратқа шабуыл жасап, «кепілге алынған адамдарды» босатады, зардап шеккендерге көмек көрсетеді.
Сербия Республикасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері оқу-жаттығудың бақылаушылары ретінде қатысады.