Әлем • 08 Қараша, 2021

Ангела Меркель саясаттан кетті

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ангела Меркель қызметінен кеткеннен кейін енді саясатпен айналысуға ниеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ангела Меркель саясаттан кетті

Бұл туралы Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Меркель канцлер қызметінен кеткеннен кейінгі жоспары - ұйқы мен оқу екенін айтқан.

«Мен бұдан былай саясатқа араласпаймын. Саяси қақтығыстарды жоюға қатыспаймын. Мұнымен көп жыл бойы айналысып келемін, 16 жыл канцлер лауызымындамын», деді Меркель басылымға берген сұхбатында.

Саясаткер бір-екі айдан кейін басқа жоспарлары болатынын, соны жүзеге асыратынын айтты.
 
«Мен көп жыл бойы алдыма қойылған күн тәртібімен жүрдім және әрқашан дайын болуым керек еді, егер бірдеңе болса, үкімет басшысы ретінде істеу керек жұмыстар бар. Оған дереу әрекет ету керек. Қазір өз қалауым бойынша не істейтінімді анықтағым келеді. Бірақ бұл бірнеше айдан кейін белгілі болады», деді Меркель.

20 минуттық сұхбат барысында Меркель адал қызмет істегенін бірнеше рет атап, Франция Президенті Эммануэль Макронды және басқа да көшбасшыларды сағынатынын айтты.

Айта кетейік, 27 қазанда Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметін тоқтатты. Бұдан былай Меркель мен ГФР үкіметінің қалған мүшелері өз функциясын Германияда жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35