Қазақстан • 08 Қараша, 2021

БАҚ туралы заңға қандай түзетулер енгізіледі

2822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев БАҚ саласының заңнамалық дамуын талқылауға қатысты конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАҚ туралы заңға қандай түзетулер енгізіледі

«Ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені зерделеп, заңнамаға өз түзетулерін дайындауда. Жаңа заңды әзірлеудің мақсаты - отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау және журналистердің құқықтарын қорғау», деді Кемелбек Ойшыбаев.

Оның айтуынша, министрлік өз алдына келесі міндеттерді қояды:

  • Шет елдердің БАҚ саласындағы халықаралық тәжірибесін және оларды қолдану практикасын зерделеу;
  • Отандық заңнаманы «сөз бостандығы» мәселелерін реттейтін халықаралық құқық нормаларына сәйкес келтіру;
  • Ақпарат құру, алу және тарату процестерімен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу;
  • БАҚ мәселелерін реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасындағы олқылықтар мен қайшылықтарды жою.

«Қазір министрлікте зерделеніп жатқан және біздің көзқарасымыз бойынша заңнаманы жетілдіру қажет мәселелерге тоқталғым келеді. Олардың кейбіреуі бойынша бізде пайымдау қалыптасқан, бірақ ол жұртшылықпен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс», деп түйіндеді Қ.Ойшыбаев.