Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

3025 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция қызметкерлерінің жалақысы өседі

Оның айтуынша, Қазақстанда полицейлердің жалақысы өте төмен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап полиция қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен өсіп келеді.

«2023 жылға дейін біз қызметкерлердің жалақысын 50-ден 90%-ға дейін көтеретін боламыз. Мәселен, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі», деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде.

Айта кетсек, Мәжілістегі Үкімет сағаты бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар Қарағанды облысындағы шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілерді еске алды.