Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Ресейлік көліктерді қалай тіркеуге болады

2225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов елімізде жүрген ресейлік көліктерді тіркеу ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік көліктерді қалай тіркеуге болады

«Ресейлік автомобильді тіркеу үшін алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына көлікті тіркеу ережесіне сай құжаттарды әзірлеп тапсыруы керек. Ереже барлық көлікке ортақ, яғни қазақстандық көлік болсын, ресейлік болсын - тіркеу ережесі бәріне бірдей. Ал Ресейден көлік әкелушілердің дені тіркеу ережесін сақтамай отыр. Ондай жағдайда көлікті жүргізуге тыйым салынып, автомобиль айыппұл тұрағына қойылады», деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде көлікті тіркеу процесі бар-жоғы 2 сағат уақыт алады. Және ешқандай қағазбастылық жоқ.