Жекпе-жек • 09 Қараша, 2021

Жекпе-жектен кейін командалар төбелесіп қалды

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Hype Fighting Championship» гран-приі аясында сегізбұрышқа шыққан қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай мен әзербайжандық Эмил Новрузов арасындағы шайқас аяқталғаннан кейін екі спортшының командасы төбелесіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекпе-жектен кейін командалар төбелесіп қалды

Екі спортшы жартылай финалдық кезеңде жолыққан болатын. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте әзербайжандық спортшы ұпай санымен жеңіске жетті. Шайқас аяқталғаннан кейін екі спортшының командасы сегізбұрышта жаға жыртысты. Оларға тіпті көрермендер де қосылып кетті. Мұратбек Қасымбай төрешілердің шешімімен келіспейтінін аңғартты. Алайда ұйымдастырушылар шешімді өзгерткен жоқ.