Facebook-те жарияланған елдің пенитенциарлық қызметінің хабарлауынша, Саакашвилиді ауруханаға жатқызу туралы шешім оның денсаулығының нашарлауына жол бермеу мақсатында қабылданды.
«Қауіпке байланысты тұтқын Михаил Саакашвили 12-ші түзеу мекемесінен №18 айыпталушылар мен сотталғандарға арналған медициналық мекемеге ауыстырылды. Қосымша ақпаратты халыққа хабарлаймыз», делінген пенитенциарлық қызметтің хабарламасында.