Президент • 09 Қараша, 2021

Президент азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруды тапсырды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруды тапсырды

Жоғарғы сот төрағасы Мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің тәртібін күшейтуге бағытталған.

Қабылдау барысында, Жақып Асанов Президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде егжей-тегжейлі айттып берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.