Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет меншігіндегі нысандарды жекешелендіру мәселелеріне арналған кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz CentralAsia (UZ) сілтеме жасап. Жыл басынан бері 4,5 триллион сумаға (421 миллион доллардан астам) 619 мемлекеттік актив сатылды. Құны 10 миллион доллардан асатын активтерді сату процесінде ұсыныстарды тәуелсіз шетелдік кеңесші қабылдап, бағалайды.
Өңірлерде 770 актив сатуға дайындалды. Осының арқасында бюджетке шамамен 10 триллион сум (935 миллион доллар) түседі деп жоспарланған.