Әлем • 09 Қараша, 2021

Құпия операция: Қару-жарақ саудасының ең ірі желісі жойылды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль полициясы қару-жарақ саудасының ең ірі жерасты желісін жойғаны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құпия операция: Қару-жарақ саудасының ең ірі желісі жойылды

Операция қылмыстық құрылымда жалданған агенттің арқасында мүмкін болған.

«Бүгін таңертең 1600 полиция қызметкері, оның ішінде шекара полициясы мен арнайы жасақтың сарбаздары рейд жасап, 25 елді мекеннен 64 күдіктіні қамауға алу операциясын жасады», делінген құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Операция барысында Израильге контрабандалық жолмен келген немесе ЦАХАЛ әскери базаларынан ұрланған көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Операция 2020 жылдың тамызында полиция жалдаған қылмыстық топ мүшесінің арқасында іске асырылған. Соңғы бір жыл ішінде ол 4 миллион шекельге жуық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша 48 мәміле жасады, оның ішінде пулемет, мылтықтар мен тапаншалар сатып алынды.

«Бұл – құпия операция. Біз екі жыл бұрын елдің солтүстік округінде дайындықты бастадық. Біз қоғамдағы зорлық-зомбылық, қылмыспен күресудеміз», деп полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полиция бұл Израиль тарихындағы тұтқындалған саудагерлер мен тәркіленген қарулар саны бойынша ең үлкен операция екенін айтады.