Абай • 09 Қараша, 2021

Жезқазғанда Абай ескерткіші ашылды

739 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылды. Ашылу салтанатына мемлекеттік органдардың, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жезқазғанда Абай ескерткіші ашылды

Салтанатты жиында Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қала тұрғындары мен қонақтарды құттықтады.

«Ескерткіш 30 жылдық тарихы бар тәуелсіз елге, оның ұлы ақыны және ойшылы Абайдың таланты мен даналығына арналған», деді қала басшысы.

Монументті суретші Саид Айнеков пен мүсінші Тоқтар Ермеков жасап шықты.

Іс-шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған көріністер қойылып, өлеңдер оқылды.

Соңында қала тұрғындары мен қонақтары биылғы жылы жаңартылған «Наурыз» саябағын аралап көрді.