Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бастау алған бұл ұлы идея Жамбыл өңірінде кеңінен қолдау тауып, түрлі игі бастамаларға ұйытқы болып отыр. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен облыс орталығында дүркіреп өткен кең көлемді «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы соның бір дәлелі.
Акцияға 2 мың адам қатысты. Өңірден өсіп-өнген зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер өкілдері және рухы биік ұландар елімізді ұлықтайтын ұлы бағдар – «Мәңгілік Ел» идеясын көңілдерге қанат бітіретін ән-жырларымен, мың бұралған билерімен, күмбірлеген күйлерімен барынша паш етуге атсалысты. Біз, тіпті, «Тараз-Арена» кешеніндегі акцияны тамашалауға ағылған қарапайым халықтың нұрлы жүздерінен де ұлы елдікке деген іңкәрліктің ізгі сезімдерін байқадық.
Қазақ елінің бір пұшпағы, тарихы терең Тараз – Әулиеата – Жамбыл өңірі қашанда бақ-берекенің бастауы, ырыс пен ынтымақтың алтын бесігі болған. Кемел ойлы хандарымыз Керей мен Жәнібек Қазақ елінің туын алғаш рет көтерген өлкеден халқымыздың мақтанышы болған Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Шона Смаханұлы және Қайрат Рысқұлбеков сияқты көптеген қайсар рухты тұлғалары түлеп ұшты. Олар Кеңес Одағына бодан болған кездің өзінде туған ел, туған жер және туған тіл турасында ерен ерлік көрсетіп, бүгінгі жастар бойындағы патриоттық рухты жанитын қайраққа айналды. Демек, өр рухты азаматтардың өнегелі ісі тәуелсіз елде өсіп келе жатқан саламатты ұрпақпен өз сабақтастығын тауып, кең қанат жаюы заңды құбылыс.
Патриоттық акцияның мақсаты айқын. Ол жұртты Қазақ елінің өркениетті 30 елдің қатарына енуі жолындағы бастамаларды біліммен, ғылыммен және инновациялық тұрғыдағы қарышты даму арқылы қолдауға шақыру. Сол жолда соны секіріс жасап, бас біріктіру. Сондықтан қуатты елдегі шуақты өмірді паш етіп, «бірлік түбі – береке» екенін ұлықтаған акциядан алдағы күндердегі алар асуларымызды болжап, арқаланып қайттық.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
ТАРАЗ.

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады
Спорт • Бүгін, 21:42
Қарақұрт қаптады: Маңғыстауда 18 адам дәрігер көмегіне жүгінген
Қоғам • Бүгін, 21:09
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
Қостанай облысындағы қайғылы жағдай: Немересі мен атасы суға батып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:49
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43
Альпі тауларында үш күнде 10 альпинист қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:28