Білім • 09 Қараша, 2021

Педагог кадрларды даярлау мәселесі талқыланды

510 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігі Жобаларды басқару топтарының арнайы педагогика бойынша кадрларын даярлау мәселелеріне арналған мәжілісі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Педагог кадрларды даярлау мәселесі талқыланды

Жиынның модераторы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова сөз сөйлеп, білікті маман даярлау мәселесіне тоқталып, білім беру ісінде назарда ұстайтын басымдықтарға тоқталды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов білім беру саласы үшін кадр даярлаудың өзектілігі, университеттегі білім беру бағдарламалары туралы айтып өтті.

Іс-шара барысында елімізде арнайы педагогтарды даярлаудың алдында тұрған сын-қатерлер, білім беру бағдарламалары, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар аутизм және ментальды ауытқушылығы бар балаларды қолдау жөніндегі жобалық топтың жұмысына қатысты мәселелер айтылды.

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығының бас директоры Роза Сүлейменова, ҚазҰҚызПУ Педагогика және психология институтының директоры Гүлжан Оразаева, Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Зульфия Мовкебаева, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Кудеринова, аутизм және басқа да ментальды ауытқушылығы бар балаларды қолдау жүйесін құру бойынша жобалық топтың үйлестірушісі Әсел Жүнісова баяндама жасады. Қатысушылар пікір алмасып, нәтижесінде арнайы педагогтарды даярлауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді және жоғары оқу орындары үшін ұсынымдар әзірленді.

Жиынға еліміздің жоғары оқу орындарының мамандары, Жұмыс берушілер қауымдастығының өкілдері онлайн режімде қатысты.