22 Ақпан, 2014

Жаңа төрағаның қызметіне табыс тіледі

387 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
_AAA2311-1Кеше «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орын­басары Бауыржан Бай­бек Жамбыл облы­сы­на сапармен келді. Ол өңірдегі жұмысын мүм­кін­дігі шектеулі азаматтар­ды жұмысқа тарту үшін ұйым­дастырылған бос қызмет орындарының жәрмеңкесін көруден бастады. Бос жұмыс орындары жәр­меңкесі Мемлекет басшысының Қа­зақстан халқына арнаған биыл­ғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының бас­тамасымен ұйымдастырылған еді. Осыған орай облыс орта­лы­ғында өткен жәрмеңкеде 28 жұмыс беруші мекеме 218 бос жұ­мыс орын­дарын ұсынды. Еліміздің «Халықты жұ­мыс­пен қамту туралы» Заңына сәй­кес, мүгедектер еңбек рыногында қосымша қолдауды қажет ететін нысаналы топтар санатына енгізілген. Оларға жұмыспен қам­тудың белсенді түрлеріне, сонымен қатар, «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасына қатысуға да ба­сымдық берілген. Өткен жылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға 19009 адам келіп, оның 87,8 пайызы жұмысқа орналасыпты. Оның ішінде 352 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 194-і тұ­рақ­ты жұмыс орнын тапса, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 76, әлеуметтік жұмыс орындарына – 26, жастар практикасына 8 азамат жолдама алған. Ал ағымдағы жылдың қаңтар айында өтініш берген 48 мүгедектің 12-сі тұрақты жұ­мыс­қа орналасып, 13-і ақылы қо­ғамдық жұмыстарға тартылған. Жалпы, облыс орталығындағы жұмыс берушілер тарапынан жәр­мең­кеге жиналған азамат­тар­дың 100-ден астамы түске дейін-ақ отбасына «екі қолға бір жұ­мыс» тауып, қуанып қайтты. «Нұр Отан» партиясы еліміз бойын­ша мүм­кіндігі шектеулі 5000 аза­мат­ты қызметпен қамтуды алдары­на мақсат етіп қойыпты. Б.Байбектің айтуынша, әр облыс мүмкіндігі шектеулі 500 адам­ға лайықты қызмет тауып бе­ру­ді ұйым­дастырса, онда бұл мақ­сат­ты асыра орындауға да бо­лады. Партия Төрағасының бі­рін­ші орынбасары бұдан кейін Мұ­хам­мед Хайдар Дулати атын­дағы Тараз мемлекеттік универ­си­тетінің мәжіліс залында өт­кен «Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясына қатысты. Онда ұйымдастыру мәселесі қара­лып, конференция делегат­та­ры партияның облыстық филиа­лының төрағалығына ұсы­­ныл­ған облыс әкімі Кәрім Көкі­рек­баевтың кандидатурасын бірау­ыздан қолдады. Кандидатты филиал­ға партия Төрағасының өзі ұсын­ғанын айта келіп, Бауыржан Байбек жаңа төрағаның қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның әлем­нің ең дамыған 30 елінің қата­рынан орын алуы жөніндегі Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев қой­ған міндетке орай партияның алдында тұрған бағдарламаларды түсіндіріп, соған байланысты ойларын ортаға салды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы. Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35