Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Өңдеу өнеркәсібіне қаржы құю ұлғайды

234 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы 9 айда Қызылорда облысына 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Аймақта мұнай өндіру көлемі 274 мың тоннаға төмендегенімен кен өндіру өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,2 млрд теңгеге жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,8 млрд теңгеге ұлғайды. Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде көрсеткіш 2,6 есеге артқан. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев айтып берді.

Өңдеу өнеркәсібіне қаржы құю ұлғайды

Былтырдан бастап облыс­тың 2023 жылға дейінгі эконо­микалық даму жоспары қа­былданып, соған сәйкес 404 жо­баны жүзеге асыру жос­пар­ланған. Сондай-ақ «Қы­зыл­орда облысының инвес­ти­ция­лық мүмкіндіктері» гайдбугі әзірленіп, оған инвестиция қажет ететін құны 967 млрд теңгенің 35 ірі жобасы енгізіліп отыр.

Инвестиция тарту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жыл басынан бері облысқа 5 роуд-шоу ұйымдастырылды. Оның ішінде, бейнеконференция режімінде Моңғолия және Франция мем­лекеттері өкілдерімен 2 кезде­су өткізілген. Бұған қоса, Лит­ва, Өзбекстан және Корея ел­шіліктерінің делегациялары облысқа іссапармен келді.

– Облыста бірнеше қаржы ұйымдары жұмыс істеп келеді. Жергілікті инвестициялық жо­­балардың жүзеге асырылуына қаржылай сүйемелдеу жа­сайтын «Байқоңыр» әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік кор­пора­ция­сының қыз­меті толықтай қай­та құрыл­ды. Атап өту қа­­­жет, мекеме несие беруші емес, құрылатын биз­нестің то­­лық­­­қанды серіктесі ре­тінде қа­­­ты­сады, – дейді бас­қарма бас­­шысы.

Бұған қоса, өңірде «Өңірлік инвестициялық орталығы» ар­қылы жас кәсіпкерлер жыл­дық үстемеақысы 2%-бен 5 жыл­ға 400 млн теңгеге дейін жеңіл­детілген несие ала алады. Бұл несиенің тағы бір ерекшелігі – 1,5 жылға дейін несиелік демалыс алуға болады. Келер жылы же­ңілдетілген несиеге бөлінетін қаржы көлемі 500 млн теңгеге дейін ұлғаймақ.

Мемлекет тарапынан бе­рі­летін қолдау шараларын на­си­хаттау мақсатында жақында Қы­зылорда облысы әкімдігі және Kazakh Invest Ұлттық компаниясы бірлесіп «Кәсіпкерлік қыз­мет пен инвесторларды мем­лекеттік қолдау шаралары» та­қы­рыбында тренинг өткізді. Іс-шараға Алматы, Жамбыл, Түр­кістан облыстары және Шым­кент қаласы әкімдігінің өкілд­ері, даму институттары мен қар­жы ұйымдарынан құралған 80-нен астам адам онлайн форма­тта қатысып, өз сұрақтарына жауа­п алды.

Инвестициялық преференция алуға құжаттар әзірлеу барысында кәсіпорындарға фронт-офис толықтай сүйемелдеу жұмыс­тарын жүргізеді. Фронт-офистің ерек­шелігі – 10 мекеменің қыз­меті бір жерге шоғырланған. Мұн­да «бір терезе» қағидасы бо­йынша жер, сәулет, құры­лыс, мемлекеттік кірістер, инже­нер­лік коммуникацияларға қо­сылу мәселелері және басқа да бағыт бойынша барлығы 90 қыз­мет түрін көрсетеді. Орталық жұ­мысын автоматтандыру нәти­жесінде техникалық шарт беру мерзімі 1 айдан 5 жұмыс күніне дейін қысқартылып отыр.

 

Қызылорда облысы